---
title: "Дұрыс таңдау жасау маңызды!"
description: "2015 жылдың 2 қазанында өнегелік қасиеттері бар лайықты азаматтарды тәрбиелеу жәнеөскелең ұрпаққа е..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-10-05T03:29:25+00:00"
modified: "2015-10-05T03:29:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-rys-ta-dau-zhasau-ma-yzdy-559792"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-rys-ta-dau-zhasau-ma-yzdy-559792/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дұрыс таңдау жасау маңызды!

> 2015 жылдың 2 қазанында өнегелік қасиеттері бар лайықты азаматтарды тәрбиелеу жәнеөскелең ұрпаққа е...

![Дұрыс таңдау жасау маңызды!](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/D1Jq7d8b0n6QwKRn0Z5LsZ9rYSAYcv.jpg)

**2015 жылдың 2 қазанында** өнегелік қасиеттері бар лайықты азаматтарды тәрбиелеу жәнеөскелең ұрпаққа еңбекті сүю, қоғамдағы азаматтық белсенділік ұстанамын қалыптастыру мақсатында №25 орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушылары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сыныптан тыс шара өтті.

Шараға қатысушылар алдында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы В.Масимова мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және Агенттіктің қызметтері туралы баяндап, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау атмосферасын қалыптастыруда жастардың ерекші рөліне тоқталды.

Шара барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, оны көріп, талдаған оқушылар сыбайлас жемқорлық туралы өз ойларымен бөлісті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/d-rys-ta-dau-zhasau-ma-yzdy-559792](https://yvision.kz/kk/post/d-rys-ta-dau-zhasau-ma-yzdy-559792)