---
title: "Дәріс 4. «Арманың, тек жоғары тәуекел болған кезде іске асады...»"
description: "Мысал #1. Facebook әлеуметтік желісінің алғашқы инвестициясы 1200 $. Facebook әлеуметтік желісі жат..."
author: "Erbolat_myrza"
published: "2014-02-04T08:19:29+00:00"
modified: "2014-02-04T08:23:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-ris-4-armany-tek-zho-ary-t-uekel-bol-an-kezde-iske-asady-399036"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-ris-4-armany-tek-zho-ary-t-uekel-bol-an-kezde-iske-asady-399036/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дәріс 4. «Арманың, тек жоғары тәуекел болған кезде іске асады...»

> Мысал #1. Facebook әлеуметтік желісінің алғашқы инвестициясы 1200 $. Facebook әлеуметтік желісі жат...

![Дәріс 4. «Арманың, тек жоғары тәуекел болған кезде іске асады...»](https://storage.yvision.kz/images/user/erbolat_myrza/0AKE5FvIyp6WJoMR4Lhjb7I8pRp18T.jpg)

Мысал #1.

Facebook әлеуметтік желісінің алғашқы инвестициясы 1200 $.

Facebook әлеуметтік желісі жатақхананың бөлмесінде «қарапайым apple» компьютерінде құрылды.

Facebook әлеуметтік желісін құрғандардың арнайы білімі, немесе жоғарғы оқу орнын бітірмеген 23 жастағы студенттер.

**Бүгін ең ірі әлеуметтік желілердің бірі Facebook 10 жылдық мерейтойын атап өтуде.**

Қазіргі таңда Фейсбуктің аудиториясы 1,11 миллиард пайдаланушыны құрайды.

 

Facebook әлеуметтік желіcінің негізін салушы Марк Цукерберг 23 жасында әлемдегі ең жас миллиардер атанды.

 

2012 жылы Facebook-тің құны 104 миллиард долларға бағаланса, ал биыл әлеуметтік желінің капиталы 134 миллиард долларға өсті.

Мысал #2.

 

Уоррен Баффет байлығы 30,5 миллиард $ қаржылық қоры бар.

Уоррен Баффет — Forbes тізіміндегі екінші адам.

Уоррен Баффет мектепте жүргенде капиталист болатынына іштей шешім шығарған.

Уоррен Баффеттің оқуға кеңес берген кітабы: Бенджамин Грэхем, «Разумный инвестор».

Уоррен Баффет он екі жасында миллиардер болуға бекем бел буған.

Уоррен Баффет тапқан қаражатты киімге немесе қымбат көлікке, зәулім үйлерге емес өндіріске, өнеркәсіпке салған.

**Уоррен Баффет әлемдегі #1 филантроп, жуықта Баффет байлығының 99%-ын өзінің Қорына мұраға қалдырғысы келетіндігін айтқан.**

Уоррен Баффеттің ақшаны қайда салуға болады деген сұраққа жауабы төмендегідей:

• түсінікті және қарапайым бизнес (мысалы, азық- түлік өндірісі немесе банк ісіне);

• жағымды ұзақ мерзімді перспективалары бар сенімді компанияларға (мысалы, “Жилетт”, “Кока-кола”);

• халықаралық франчайзингтік желісі мен кепілдендірілген өсім перспективасы бар фирмаларға (мысалы, “Кока- кола”, “Макдоналдс”);

• күшті командасы бар және берік қаланған тұғыры бар компаниялар (мысалы, “Уолт Дисней”).

Инвестордың бизнесмендерге кеңесі: «Беделіңді өсіру үшін жиырма жыл уақыт кетіріп, бес минуттың ішінде түсіріп алуың мүмкін. Кімде-кім осы ту- ралы мықтап ойланып жүрсе, сол бизнесті тиісті түрде жүргізеді»

Уоррен Баффеттің үстіндегі костюмдері ескі емес, тек ол соның үстінде солай көрінеді))..

 

Мораль: Іс бастауға беліңді бекем бусаң, тәуекел етіп бастағаның дұрыс. Бизнес мынау кәрі, мынау жас деп бөлмейді.

 

П.С.: Бизнес саласындағы адамдардан кейінгі, нәтижелі жұмыс жасағандардың қатарында ірі саясаткерлер... Олар туралы келесі дәрісте...

 

Сәттілік бізбен бірге.

##### *Ескерту. Кейбір ақпараттар [http://www.wikipedia.org/](http://www.wikipedia.org/) сайтынан алынды.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/d-ris-4-armany-tek-zho-ary-t-uekel-bol-an-kezde-iske-asady-399036](https://yvision.kz/kk/post/d-ris-4-armany-tek-zho-ary-t-uekel-bol-an-kezde-iske-asady-399036)