---
title: "Дүрбелеңде салымдарын алғандар, банктерге қайта салуда"
description: "Жақында Ұлттық банк қазақстандық банктердің депозит базасының жағдайы туралы мәліметтерді жарияла..."
author: "makala"
published: "2014-04-09T06:37:34+00:00"
modified: "2014-04-09T06:37:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-rbele-de-salymdaryn-al-andar-bankterge-ayta-saluda-408977"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-rbele-de-salymdaryn-al-andar-bankterge-ayta-saluda-408977/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дүрбелеңде салымдарын алғандар, банктерге қайта салуда

> Жақында Ұлттық банк қазақстандық банктердің депозит базасының жағдайы туралы мәліметтерді жарияла...

![Дүрбелеңде салымдарын алғандар, банктерге қайта салуда](https://storage.yvision.kz/images/user/makala/9dOUaO41JtqJ0UJCy6PwRtAWQewJT1.jpg)

Жақында Ұлттық банк қазақстандық банктердің депозит базасының жағдайы туралы мәліметтерді жариялады. Жарияланымға сәйкес биылғы жылдың ақпан айында sms-шабуылға ұшыраған үш банктен салымшылар кері алған салым көлемі 169.млрд.теңгені құраған. Оның ішінде ЦентрКредит банктің жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі 14,7%, Kaspi bank – 16,8%, Альянс банк – 30,9%.

 

Бүгін Ұлттық банк таратқан ақпарға орай kaspi bank-тің баспасөз қызметі арнайы хабарлама таратты. Олар таратқан ақпарға сәйкес қазірге дейін салымдардың үштен бір бөлігі немесе 35%-ы қайта оралған.

 

«Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Сәуір айының бірінші аптасында қайта салынған депозит көлемі 35% құрады»,-дейді **kaspi bank-тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.**

Басқарма төрағасының пікірінше бұл қарқын жалғасса дүрбелең кезінде алынған салымдардың негізгі бөлігі алдағы 3-4 айда қайта оралмақ.

 

**Қосымша ақпарат үшін:**

 

 

Құрметпен**,**

**Ербол азанбек**

Баспасөз хатшысы

Жұмыс.: +7 727 258 59 65

ішкі 2945

Ұялы.: +7 702 280 50 30

[www.kaspibank.kz](http://www.kaspibank.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/d-rbele-de-salymdaryn-al-andar-bankterge-ayta-saluda-408977](https://yvision.kz/kk/post/d-rbele-de-salymdaryn-al-andar-bankterge-ayta-saluda-408977)