---
title: "Дүниежүзiнiң 35 елi «Еуразия Барысын» тамашалайды"
description: "7 желтоқсан күні Тараз қаласында қазақ күресінен «Eurasia Barysy» халықаралық турнирінің жалауы жел..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-11-21T23:25:11+00:00"
modified: "2013-11-21T23:25:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-niezh-zini-35-eli-euraziya-barysyn-tamashalaydy-386123"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-niezh-zini-35-eli-euraziya-barysyn-tamashalaydy-386123/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дүниежүзiнiң 35 елi «Еуразия Барысын» тамашалайды

> 7 желтоқсан күні Тараз қаласында қазақ күресінен «Eurasia Barysy» халықаралық турнирінің жалауы жел...

[!\[«Eurasia Barysy»\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/20131113122403-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/20131113122403.jpg)

7 желтоқсан күні Тараз қаласында қазақ күресінен «Eurasia Barysy» халықаралық турнирінің жалауы желбірейді.

Ұлттық спортымыздан өтетін командалық додаға 8 мемлекеттің спортшылары қатысады. Дүниежүзiнiң 35 елi қазақ күресi мерекесiн Ресейдiң «Боец», Түркияның «ТРТ» арналары арқылы тiкелей эфирде тамашаламақ. Сондай-ақ, бұл сайысты Украина мен Грузия телеарналары да тiкелей таратуға құлықты, деп хабарлады alasharena.kz.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/d-niezh-zini-35-eli-euraziya-barysyn-tamashalaydy-386123](https://yvision.kz/kk/post/d-niezh-zini-35-eli-euraziya-barysyn-tamashalaydy-386123)