---
title: "Дүние- малды атақ үшін жияды"
description: "\"Атақты\" деп біз кімдерді есептейміз? Интернет желісінде мыңнан аса оқырманы бар жанды ма, әлде елім..."
author: "aimukashova"
published: "2018-10-11T06:05:52+00:00"
modified: "2018-10-11T06:06:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-nie-maldy-ata-shin-zhiyady-816543"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-nie-maldy-ata-shin-zhiyady-816543/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дүние- малды атақ үшін жияды

> "Атақты" деп біз кімдерді есептейміз? Интернет желісінде мыңнан аса оқырманы бар жанды ма, әлде елім...

"Атақты" деп біз кімдерді есептейміз? Интернет желісінде мыңнан аса оқырманы бар жанды ма, әлде еліміз,жеріміз үшін жақсылықты бойынан асырып жүргендерді ме? Жалпы адамдардың көбісі атақты болуға құлшынатыны рас.

"Атың шықпаса, жер өрте"- деген мақал қазіргі, XXI ғасыр жастарына арналғандай. Instagram желісіне бет бұрсақ болды, атақты болуға ұмтылатын жас буындардан көз ашылмайды. Барынша өздерін көрсеткілері келетін қоғам жастары: билеп, ән айтып, тіптен кейбіреулерiнен дөрекілік басым. Жалпы, заманымыз өзгеріп, дамыған сайын адамның сана- сезімі өзгеретiні анық. Тек санасыздық бой алмай, заманға қарай дамыса мейлі. Артық қыламын деп, тыртық қылып жатқандар қаншама. Атақты болу әрбір жас буынның арманы болар. Арманның соңынан қуамын деп, сүрініп, құлап, адасып та жатқандар да бар. Негізі "атақ" деген атауды қандай да бір атқарған қызметі немесе сіңірген еңбегі үшін беріледі. Яғни, жылдар бойы еңбектеніп, жемісін халықпен бірге көру. Себебі, "атақ" деген бағаны халық береді. Бірақ, қазір олай емес. Атақты болғың келсе, бір түн ішінде болуға болады. Ол жамандықта болсын, жақсылықта болсын ең бастысы халықтың назарында болуың.

Ал, негізі "атақты" болу үшін, қысылтаяң шақта елдің бірлігі мен ынтымақ-берекесi жолында өзіңді тек жақсы жағынан көрсетуің керек. Былайша айтқанда, "Атың өтімді болса, өмірің татымды болады". Адамдық қасиет пен абыройыңнан айырлмасаң болғаны. Дегенмен де, күннен күнге "атақтылардың" саны көбейіп келетінін жоққа шығару мүмкін емес. Ал, сіз үшін "атақ" деген атауға кім лайықты?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/d-nie-maldy-ata-shin-zhiyady-816543](https://yvision.kz/kk/post/d-nie-maldy-ata-shin-zhiyady-816543)