---
title: "Д.Мардас: Грекия Қазақстанмен астық өнеркәсібі саласында ынтымақтасуға мүдделі"
description: "Грекия Қазақстанмен астық өнеркәсібі саласында ынтымақтасуға мүдделі, деді Грекияның сыртқы істер ми..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-26T11:52:46+00:00"
modified: "2016-09-30T06:18:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-mardas-grekiya-aza-stanmen-asty-nerk-sibi-salasynda-yntyma-tasu-a-m-ddeli-713991"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-mardas-grekiya-aza-stanmen-asty-nerk-sibi-salasynda-yntyma-tasu-a-m-ddeli-713991/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Д.Мардас: Грекия Қазақстанмен астық өнеркәсібі саласында ынтымақтасуға мүдделі

> Грекия Қазақстанмен астық өнеркәсібі саласында ынтымақтасуға мүдделі, деді Грекияның сыртқы істер ми...

Грекия Қазақстанмен астық өнеркәсібі саласында ынтымақтасуға мүдделі, деді Грекияның сыртқы істер министрінің орынбасары Дмитрис Мардас Астанадағы Қазақстан-Грекия бизнес форумы барысында.

«Бүгін екі елдің жүзден астам кәсіпкері бас қосты. Біз 6 жыл экономикалық құлдыраудан кейін Грекияда тұрақты инвестициялық жағдайды орната алдық. Бұл Астанаға келген біздің алғашқы сауда миссиямыз. Мұндай кездесулерді одан әрі жалғастыруға ниеттіміз. Біздің келесі кездесуіміз нақты мәселелерге арналуы мүмкін», - деді Д.Мардас.

Ол айтып өткендей, бірқатар салаларда екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға болады. Алайда, Грекияның ерекше қызығушылығын астық өнеркәсібі тудырып отыр.

«Әрине, біз астық өнеркәсібіне үлкен қызығушылық танытып отырмыз. Бұл біз белсенді дамытып жатқан салалардың бірі, бұл салада жоғары сапалы өнімді өндіре аламыз. Бізде тағы басқа да өнімдер бар. Бұл алдымен бар әлемге және Таяу Шығыста танымал құрылыс материалдары. Фармацевтикалық өнімдер мен баламалы энергия көздерін өндіру салалары бойынша грекиялық компаниялар белсенді дамуда. Олар халықаралық деңгейде де жұмыс істеуде, бірақ Қазақстанда таныстырылмады. Біз таныстырмаған жаңа салаларда ынтымақтасу мүмкіндігі бар», - деді ол.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан-Грекия бизнес форумы өтіп жатыр. Шарада Қазақстан мен Грекия іскерлік топтарының сауда-экономикалық ынтымақтастығы талқылануда.

«Грекия мен Қазақстанның бизнес байланысында үлкен әлеует бар. Біздің мәдениетімізде ұқсастық баршылық: қонақжайлық, отбасы құндылықтары. Біраз жыл бұрын тарих біздің халықтарымызды біріктірді. Ресейден жер аударылып келген кезде казақтар гректерге қол ұшын берді. Қазақстан гректері бұл елдің қаншалықты мейірімді екенін ешқашан ұмытпайды», - деді Ю.Кусиди.

Ол айтып өткендей, бірлескен кездесулер аясында барлық мүмкіндіктер қарастырылады. Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы – коммерциялық емес ұйым, 1999 жылы еуропалық компаниялардың, ЕО делегациялары мен екі еуропалық елшіліктің бастамасымен құрылған. Бүгінде ол 150 компания мен Еуропа ұйымдарының басын қосып отыр», - деді ол.

Ю. Кусиди айтып өткендей, оның ұлты да грек, сондықтан екі елдің ынтымақтастығына ерекше көңіл бөледі.

«Менің ұлтым-грек, осында өмірге келдім, тұрып жатырмын. Маған бұл елде қалай өмір сүріп жатырсың деген сұрақтар қойылады. Мен Қазақстандағы 20 жылдық мансабымда, яғни мемлекеттік немесе жеке бизнесте тек қана сыйластыққа, түсінушілікке ие болдым», - деді ол.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/d-mardas-grekiya-aza-stanmen-asty-nerk-sibi-salasynda-yntyma-tasu-a-m-ddeli-713991](https://yvision.kz/kk/post/d-mardas-grekiya-aza-stanmen-asty-nerk-sibi-salasynda-yntyma-tasu-a-m-ddeli-713991)