---
title: "Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға арналған акция"
description: "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-08-01T04:31:59+00:00"
modified: "2017-08-01T04:31:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/cybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyru-a-arnal-an-akciya-774498"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/cybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyru-a-arnal-an-akciya-774498/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға арналған акция

> Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігін...

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес **2017 жылдың 31 шілдеде** сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға арналған акция ұйымдастырылды.

Акция аясында жастар волонтерлері арқылы, медициналық мекемелер мен қоғамдық орындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға арналған жадынамалар таратылды.

Аталған акцияның басты мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/cybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyru-a-arnal-an-akciya-774498](https://yvision.kz/kk/post/cybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyru-a-arnal-an-akciya-774498)