---
title: "Creative Commons туралы бір ауыз"
description: "[caption id=\"\" align=\"alignleft\" width=\"129\" caption=\"Image via CrunchBase\"][/caption] \"Уважайте т..."
author: "urimtal"
published: "2011-04-09T11:34:41+00:00"
modified: "2011-04-17T18:55:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/creative-commons-turaly-bir-auyz-145528"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/creative-commons-turaly-bir-auyz-145528/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Creative Commons туралы бір ауыз

> [caption id="" align="alignleft" width="129" caption="Image via CrunchBase"][/caption] "Уважайте т...

[caption id="" align="alignleft" width="129" caption="Image via CrunchBase"][!\[Image representing Creative Commons as depicte...\](http://www.crunchbase.com/assets/images/resized/0002/3075/23075v1-max-450x450.png)](http://www.crunchbase.com/company/creative-commons)[/caption]

*"Уважайте труд технички" *

"Блогтар әкелетін және әкеліп жатқан қауіптердің бірі – біреудің атын жамылған блогтардың болу мүмкіндігі" деп Ерлан Оспан "Алтын Орда" сайтындағы мақаласында [айтып өткендей](http://altyn-orda.com/?p=5635), ғаламторда өзіңнің қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету оңай емес.

Қазіргі кезде блогымыздағы жазбамыздың да өзімізге тиесілі болмай, басқа бір ақпарат құралында өзге біреудің атынан шығып жатқанының [куәсі болдық](http://kamshat.dosym.kz/?p=98).

Интернет мәдениеттілік, дәлірек айтқанда сауаттылықтың ауылынан әлі де алыспыз. Ағылшын тіліндегі интернет кеңістікте авторлық құқықты қорғаудың [Creative Commons](http://creativecommons.org) (қысқартқанда СС) жүйесі бар. Интернет шекара талғамайтын болғандықтан бұл белгі барлық интернет ресурстар үшін жарамды. Әрбір елдің ішкі ережелеріне де лайықталып, [бейімделіп жатыр](http://wiki.creativecommons.org/CC_Affiliate_Network).

Өз блогыңызды немесе электронды өніміңізді осы жүйе бойынша заңдастырғыңыз келсе, мына қадамдарды орындау керек:

1. [http://creativecommons.org/](http://creativecommons.org/)

2. Choose a liсense (лицензия түрін таңдаңыз)

3. Сауалнаманы толтырып болған соң, HTML код беріледі.

4. Құрал-саймандар - сыртқы көрінісі - widgets (уиджеттер) - мәтін дегенді бағанға сүйретіп апарып, ішіне HTML кодты салып, сақтау дегенді басасыз.

**пысы.** Интернеттен сурет немесе басқа да өнім іздегенде әдетте "Creative Commons деп белгіленгендерді ізде" деген талғау болады. Flickr-да бар екені [анық](http://www.flickr.com/creativecommons/). Автор рұқсат берген өнімдерді тұтынуға, осы бастан интернеттегі өзге біреудің еңбегіне құрметпен қарауға шақырамын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/creative-commons-turaly-bir-auyz-145528](https://yvision.kz/kk/post/creative-commons-turaly-bir-auyz-145528)