---
title: "«Clay House Gallery» ұсынады"
description: "Осы сәрсенбіде Алматы қаласында Қазақстандағы тұңғыш көркем керамика көрмесі ашылды. \"Clay House\" кө..."
author: "Arsik"
published: "2013-06-19T21:55:08+00:00"
modified: "2013-06-23T22:25:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/clay-house-gallery-synady-358469"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/clay-house-gallery-synady-358469/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Clay House Gallery» ұсынады

> Осы сәрсенбіде Алматы қаласында Қазақстандағы тұңғыш көркем керамика көрмесі ашылды. "Clay House" кө...

*Осы сәрсенбіде Алматы қаласында Қазақстандағы тұңғыш көркем керамика көрмесі ашылды. "Clay House" көрмесінде еліміздің танымал суретші-керамистері Александр Львович, Анна Маргацкая, Владимир Григорьян, Елена Григорьян, Сергей Ледяев, Светлана Плотникова, Наталья Лепихина, Александра Роганова, Ғалия мен Балқия Құсайыновалар сынды шеберлердің туындылары қойылған.*

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/HCT7NPTVAo5KI1ftGYcDznd0Km1f9k.jpg)

*"Сағаттар" атты панно, Наталья Цвырова*

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/SJ6S9rVYrf6X5FM6zdt0EjS347vBvP.jpg)

*Төртбұрышты қобдишалар, Сергей Ледяев*

* *

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/kIb44d7ClyqRjId29l747FN0TCVPQc.jpg)

*"Мысықтар" шыныаяқтары, Светлана Плотникова*

* *

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/C413NzVulV9BSYI5UgDNKIKVfWIB5J.jpg)

*"Автомобильдер", Сергей Ледяев.*

* *

Керамиканы адамдар ежелгі палеолит, неолит дәуірінен бастап пайдаланып келеді. Басында керамика тұрмыс саласында қолданылғанымен, уақыт өте келе ол нағыз өнер туындысына айналған. Бүгінгі күні қыш өнері Азия, Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады.

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/ad4aK1H5ywH2iGK7SabwG3gXXRU1Lz.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/FdQNYGbF4PDJi8TNIgDd8RzAo84YSA.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/5b8h9AB6t8KZ47lGQalFO72DFlV1mQ.jpg)

*"Теңіз саяхаттары", Светлана Плотникова.*

* *

Қыш өнерінің кішігірім формалары үйді, офисті сәндейтін бұйымдар ретінде қолданылса, үлкен керамикалық туындылар кез келген қаланың назар аударарлық туындыларына айналады. Сондай-ақ қыштан жасалған бірегей туындылар көбіне сыйлық ретінде сыйланып жатады.

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/AAKEvTJetT3m5nZuk57O6KJaKw1sxY.jpg)

*"Балық", Анна Маргацкая.*

* *

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/iZ45MYMn86L7JD7WvWLE4n74WCzPt5.jpg)

*"Ұлу", Анна Маргацкая*

* *

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/gSf6s80rB9vcV1rfvoaDnMapi99a3V.jpg)

***Софья Москаленко***, *көрменің басшысы:*

- Clay House Gallery-дің басты мақсаты Қазақстанның көркем өнерінің дамуына үлес қосу, адамдардың талғамын әдемі заттар мен ерекше сыйлықтарға бейімдеу. Бұл көрмені ашу арқылы біз алматылықтардың әдемілікке қол жеткізіп, өнер туындыларының күшін сезіндіруді көздейміз. Керамиканың өзі құдыретті жаратушының туындысына ұқсас бірегей жолмен дүниеге келеді. Өйткені оны жасауда шебердің қолдары жер (саз), су және отты пайдаланады.

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/89icB5A3QEWRY0LgvonB51KxGBm9a5.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/S28jbcU30Q8I88nSgk9htIerpnSpNg.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/02fbDtL5Bg14ORIHnd4Q62EZoGy47r.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/CsI49ByjwQF446MxY0RE2HDQFA2M52.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/zTSH75Gmr5V5B46tAGmyk6yx9ogyF9.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/gjEJTkrGSy6o53GYLbBvCQW7tCB9k1.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/2fT4UpZmm4bpm487Hh8Fev6Hrdl6xn.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/4BLUUIEZEgxGrZw1312HK0uqyGf5lS.jpg)

*"Шәйға арналған ыдыстар жиынтығы".*

* *

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/vt1u6iCR9d57f4qPtI9N0MVp0Rb8ac.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/6T5jYneoeN5vkzCIbTIiHEWtrc1jkE.jpg)

*"Періште қыздар", Светлана Плотникова*

* *

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/u26gBM93KfKDot5n2vF4CgcN9K7TFd.jpg)

*Анаида, көрермен:*

- Көрме өте ұнады. Әсіресе Светлана Плотникова мен Владимир Гриорьянның туындыларын атап өте аламын. Ерешке әсем өнер туындыларының барлығына жан дүниесін салып жасалғандығы бірден байқалады.

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/rU58ydMR85089y2WtU44lQ235dk0rf.jpg)

*"Үйде періштелер күтіп отыр", Светлана Плотникова*

* *

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Kr4PU0pcjJFA6U5xLzbJ48yEjbWBD8.jpg)

*"Ғашықтар", Құсайынова Балқия*

* *

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/ngd84L6oX0S3cH9eIZ1fa6ZrOWXXJP.jpg)

*"Голланд қызғалдақтары", Құсайынова Балқия*

* *

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/olFFv85ZAvAIoEnR8bNTlYpnNKNVli.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/T9XQJHiQ6f93Qxi4w2k6b6stB2Lh5j.jpg)

*"Су перісі" қобдишалары, Наталья Цыварова*

* *

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/LkkB31em1cL3M841F209ZuGBIKrDWB.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Y888N5oNm276yt6R0BN1xG1g5wKEor.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/P4XoHaPVDlYPN457AnJ8N5Y4XDy0L4.jpg)

*"Бұқа", Владимир Григорьян*

* *

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/sl9fHymj4PrmWT6H7Dj5ETpVAL2ccW.jpg)

*"Жалғыз мүйіз бен ханым", Владимир Григорьян*

* *

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/9glyn3qMEQAtzB5d0Hslyb7RrJP3Ts.jpg)

***Баян Барманқұлова**, өнертанушы:*

* *

- Бұл кеңістік маған өте ұнады. Көрменің интерьер дизайны, жарық бәрі бір-біріне үйлесімді. Clay House Gallery керемика сүйер қауымның басын қосатын ортасына айналатындығына сенімдімін. Кез келген өнер сияқты қыш өнері де ерекше. Ал оның өзіндік ерекшелігі сурет сияқты қылқаламмен емес, жасаушының қолына жанаса, қолымен бірге жүрегіне, сезіміне, жан дүниесіне байлана отырып дүниеге келеді. Сондықтан да қыштан жасалған әрбір бұйымда жасаушының жылы қолдары сезіледі. Бұл көрме мәдениет орталығымен қоса жылулық, қуаныш пен шаттықтың ортасына айналарына сенімім мол.

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/705X2vvX3m4YEJ1w2ZrW6g49kpdBiN.jpg)

*"Манекендер", Елена Григорьян*

* *

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/IkUm2VRJ2e7cky1Q4c4GIP4mnf2B3g.jpg)

*"Қоңыраулы сағат", Елена Григорьян*

* *

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/eOvUrB0PAnarO6LoT5u9x2675m09Ye.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/rxbCmhlk36XiQCOFYrRTh80lbz2nfx.jpg)

*"Қуыршақ", Наталья Лепина*

* *

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/9m9zaMqS8mq1dBIFSzMjLQ6ti665s3.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/3st5QRJ3c6nj7uK8V6a2otH3r33f76.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/p76pSS4dmvOuusnPW20jIWw4DUwuPd.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/yC1UK5rTr0P1B0bG25tQf5p1OEgSil.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/2T3W0MI6zxpAl9au3d3j31Z9bdi7vq.jpg)

![«Clay House Gallery» ұсынады](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/5Roe1c9tntQZR2slJ4V2KXcgQQ9JUz.jpg)

_______________________________________________________________________

Көрменің мекен-жайы:

Қонаев көшесі, 85 ( Қазыбек би көшесінің қиылысында).

Анықтама телефондары: +7 701 747 00 26, +7 777 139 25 14

Жеке сайты: [Clay House Gallery](http://clayhouse.kz/)

*Материалды дайындаған: Ракишева Айнұр*

*фото автордікі*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/clay-house-gallery-synady-358469](https://yvision.kz/kk/post/clay-house-gallery-synady-358469)