---
title: "«Classic» радиосы Ақтау қаласына да хабар тарата бастады"
description: "«Classic» радиосы Ақтау қаласында да 103,3 FM жиілігінде хабар тарата бастады. Ал ертең, 6 маусым кү..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-05T04:17:00+00:00"
modified: "2015-07-02T18:12:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/classic-radiosy-a-tau-alasyna-da-habar-tarata-bastady-518350"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/classic-radiosy-a-tau-alasyna-da-habar-tarata-bastady-518350/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Classic» радиосы Ақтау қаласына да хабар тарата бастады

> «Classic» радиосы Ақтау қаласында да 103,3 FM жиілігінде хабар тарата бастады. Ал ертең, 6 маусым кү...

«Classic» радиосы Ақтау қаласында да 103,3 FM жиілігінде хабар тарата бастады. Ал ертең, 6 маусым күні Қазақстандағы тұңғыш классикалық музыка радиосының құрылғанына 4 жыл толады.

![«Classic» радиосы Ақтау қаласына да хабар тарата бастады](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/RZTKwxHAW39BnoYbR3JU0xm5Ao1FhI.png)

«Classic» радиосында жүргізушілердің бірегей құрамы шоғырланған – ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова («Культурная мозаика»), Олег Борецкий («Киноблюз») Зира Наурызбаева («Тылсым перне»), Ноэль Шаяхметов («Jazz Time»), Лиля Калаус («Классикомания»), Нұргүл Ертаева («Игра в бисер).

Еліміздің ен қатаң үлгісін ұстанатын радиоэфир түрлі эксперименттерден бас тартпайды және дағдылы әуен шеңберінен асып, батыл қадамдарға барады. Қазақ ертегілері мен классикалық музыка, «Контрабаспен» сюрреалистік Зюскинд, Америкадағы қазақ сазы – мұның барлығы «Classic» радиосында орын тапты.

Радиостанцияның ең маңызды жеңістерінің арасынан 2013 жылы Лондонда Халықаралық телерадиотаратушылар Ассоциациясы ұйымдастырған «AIBs Inspiring Creativity Awards» байқауында «Classic» радиосының «Классикомания» бағдарламасының «ең бірегей, ойын-сауық және дамытатын бағдарлама» деп танылып, арнайы деипломмен марапатталғанын, 2013 жылы Fashion TV Awards салтанатында «Classic» радиосына «Сәннен шықпайтыны үшін» жүлдесін, жылсайынғы «Жыл таңдауы – Жыл адамы» фестивалі шеңберіндегі «Алтын адам» сыйлығын, ең бастысы – классикалық музыкаға табынушалырдың ризашылығын атауға болады.

«Classic» радиосы Алматы қаласында 102.8 FM, Астана қаласында 102.7 FM, Ақтау қаласында 103,0 FM жиілігінде хабар таратады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/classic-radiosy-a-tau-alasyna-da-habar-tarata-bastady-518350](https://yvision.kz/kk/post/classic-radiosy-a-tau-alasyna-da-habar-tarata-bastady-518350)