---
title: "Чемпиондар Лигасы: «Галатасарай»-«Астана» ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды"
description: "Елордалық «Астана» клубы Чемпиондар Лигасындағы маусымын аяқтады. «Астана» футбол клубы бүгін Стамб..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-12-10T01:34:57+00:00"
modified: "2015-12-10T01:34:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/chempiondar-ligasy-galatasaray-astana-oyyny-1-1-esebimen-te-aya-taldy-666882"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/chempiondar-ligasy-galatasaray-astana-oyyny-1-1-esebimen-te-aya-taldy-666882/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Чемпиондар Лигасы: «Галатасарай»-«Астана» ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды

> Елордалық «Астана» клубы Чемпиондар Лигасындағы маусымын аяқтады. «Астана» футбол клубы бүгін Стамб...

Елордалық «Астана» клубы Чемпиондар Лигасындағы маусымын аяқтады.

![Чемпиондар Лигасы: «Галатасарай»-«Астана» ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/jOY597a59sfxCh11eb13am6pUEkWg9.jpg)

«Астана» футбол клубы бүгін Стамбулда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңдегі соңғы турында жергілікті «Галатасарай» футбол клубымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті.

Матчтың 62 минутында «Астаналық» футболшы Твумаси гол салса, араға 2 минут салып «Галатасарай» капитаны Сельчук Инан есепті теңестірді.

Қорытындысында, «Галатсарай» Еуропа Лигасына жолдама алса, «Астана» футбол клубы тең ойын көрсеткені үшін 500 мың евро алып, Чемпиондар лигасындағы мауысымын аяқтады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/chempiondar-ligasy-galatasaray-astana-oyyny-1-1-esebimen-te-aya-taldy-666882](https://yvision.kz/kk/post/chempiondar-ligasy-galatasaray-astana-oyyny-1-1-esebimen-te-aya-taldy-666882)