---
title: "Чемпиондар Лигасы. «Астана» — «Атлетико Мадрид» ойынына қазірге дейін 17 мың билет сатылған"
description: "3 қарашада елордалық «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Ис..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-26T21:43:49+00:00"
modified: "2015-10-26T21:43:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/chempiondar-ligasy-astana-atletiko-madrid-oyynyna-azirge-deyin-17-my-bilet-satyl-an-607699"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/chempiondar-ligasy-astana-atletiko-madrid-oyynyna-azirge-deyin-17-my-bilet-satyl-an-607699/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Чемпиондар Лигасы. «Астана» — «Атлетико Мадрид» ойынына қазірге дейін 17 мың билет сатылған

> 3 қарашада елордалық «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Ис...

3 қарашада елордалық «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Испанияның «Атлетико» командасын қабылдайды.

![Чемпиондар Лигасы. «Астана» — «Атлетико Мадрид» ойынына қазірге дейін 17 мың билет сатылған](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/8gRzJs8OH8CKy253O7lrJ0Ex5VtMWH.jpg)

Билеттерді онлайн-режим арқылы сатып алып, жанкүйер бірегей QR-коды бар электрондық билет алады. Кейіннен бұл код бойынша үш сату орнының (Мега-орталық, «Қазақстан» СК, Конгресс-Холл) бірінен Чемпиондар лигасының ойынына билетті бастырып шығаруға болады. Қазіргі кезде 17 мыңнан астам билет сатылған.

Қала әкімдігі жанкүйерлердің автобустармен жеткізілуін қамтамасыз етеді. Матч Астана ауақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.

Астана уақытымен сағат 18:00-де автобустар жанкүйерлерді мына мекенжайлардан алып кетеді:

1. «Қазақстан» СК.

2. Мұнайтпасов атындағы стадион.

3. «Нұр-Астана» мешіті.

4. Салтанат сарайы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/chempiondar-ligasy-astana-atletiko-madrid-oyynyna-azirge-deyin-17-my-bilet-satyl-an-607699](https://yvision.kz/kk/post/chempiondar-ligasy-astana-atletiko-madrid-oyynyna-azirge-deyin-17-my-bilet-satyl-an-607699)