---
title: "Чехия-Қазақстан матчы 2:1 есебімен аяқталды"
description: "Пльзень қаласының «Дусан Арена» стадионында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу ке..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-09-03T23:20:29+00:00"
modified: "2015-09-03T23:20:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/chehiya-aza-stan-matchy-2-1-esebimen-aya-taldy-536167"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/chehiya-aza-stan-matchy-2-1-esebimen-aya-taldy-536167/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Чехия-Қазақстан матчы 2:1 есебімен аяқталды

> Пльзень қаласының «Дусан Арена» стадионында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу ке...

Пльзень қаласының «Дусан Арена» стадионында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында Чехия командасымен кездесті.

![Чехия-Қазақстан матчы 2:1 есебімен аяқталды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/Jw7LcY68Yc1lIO1zj80M87JZJAbmSi.jpg)

Алаң иелерінің шабуылынан басталған ойынның 1-ші таймы 0:1 есебімен аяқталды. Матчтың 21-ші минутында Бауыржан Исламханнан пас алған Юрий Логвиненко баспен гол соқты.

Ойынның 2-ші таймында чехиялық футболшылар басымдықты қолдарына алып, гол соғуға тырысты. Стас Покатиловтың қақпасын шабуылға алған алаң иелері 73-ші минутта есепті теңестіріп кетті. Гол авторы – Милан Шкода. Ал, мачтың 86-шы минутында Милан Шкода дубль жасап, өз командасына жеңіс әкелді.

Осылайша кездесу 2:1 есебімен алаң иелері пайдасына аяқталды. Чехия футболшылары Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасын екінші рет ұтты.

Чехия — Қазақстан 2:1 (0:1)

Голдар: Логвиненко 21 (0:1), Шкода 74 (1:1), Шкода 86 (2:1)

Сары қағаздар: Шомко 42

Чехия: Чех, Кадержабек, Прохазка, Лимберски, Сухи, Дочкал, Скалак (Шкода 46), Павелка, Крейчи (Копиц 84), Дарида (Шурал 68), Лафата

Қазақстан: Покатилов, Малый, Гурман, Смақов, Логвиненко, Қуат, Қонысбаев (Көкеев 88), Исламхан (Сүйімбаев 78), Шомко, Нөсербаев (Хижниченко 72), Жолчиев

Бас төреші: Мартин Стрембергссон (Швеция)

4 қыркүйек. Пльзень. «Дусан Арена».

Еске сала кетейік, енді 5 қыркүйек күні (5-нен 6-на қараған түн) «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Исландия-Қазақстан матчын Астана уақытымен сағат 00:30-да тікелей эфирде көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/chehiya-aza-stan-matchy-2-1-esebimen-aya-taldy-536167](https://yvision.kz/kk/post/chehiya-aza-stan-matchy-2-1-esebimen-aya-taldy-536167)