---
title: "ӘЧ-2024: Чемпионатты жеңіспен бастаған біздің..."
description: "Қазақстан құрамасы бұл жолы Швеция командасынан ұтылып қалды. Есепті «Миннесота» шабуылшысы Маркус Юханссон ашты. Швеция тарапынан екінші шайбаны Линус Юханссон еш қиындықсыз сала салды. Ал «Сан-Хосе» шабуылшысы Фабиан Зеттерлунд өз командасына..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-17T04:14:35+00:00"
modified: "2024-05-17T04:47:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ch-2024-chempionatty-zhe-ispen-basta-an-bizdi-hokkeyshiler-endi-zhe-ilisten-k-z-ashar-emes-1004715"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ch-2024-chempionatty-zhe-ispen-basta-an-bizdi-hokkeyshiler-endi-zhe-ilisten-k-z-ashar-emes-1004715/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ӘЧ-2024: Чемпионатты жеңіспен бастаған біздің...

> Қазақстан құрамасы бұл жолы Швеция командасынан ұтылып қалды. Есепті «Миннесота» шабуылшысы Маркус Юханссон ашты. Швеция тарапынан екінші шайбаны Линус Юханссон еш қиындықсыз сала салды. Ал «Сан-Хосе» шабуылшысы Фабиан Зеттерлунд өз командасына...

*Қазақстан құрамасы бұл жолы Швеция командасынан ұтылып қалды.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/3f4afb0a4daccaab080dcdd0bbea42.jpg)

Есепті «Миннесота» шабуылшысы Маркус Юханссон ашты. Швеция тарапынан екінші шайбаны Линус Юханссон еш қиындықсыз сала салды. Ал «Сан-Хосе» шабуылшысы Фабиан Зеттерлунд өз командасына үшінші голды сыйлады.

Қазақстан болса, қорғаушы Әділ Бекетаев салған бір шайбамен шектелді.

Сөйтіп, есеп Швецияның пайдасына 3:1 болды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы матчында [Францияны 3:1 есебімен жеңгенде](https://yvision.kz/kk/post/aza-stan-hokkeyden-lem-chempionatyn-zhe-ispen-bastady-1004493), бөркімізді аспанға атып қуанып едік. Бірақ ол қуанышымыз ұзаққа бармады. Одан кейін Латвия (0:2) мен Словакиядан (2:6) ұтылып қалдық. Қазақстанның алда үш матчы бар: 17 мамыр, 19:20 Германия - Қазақстан

19 мамыр, 19:20 АҚШ - Қазақстан

20 мамыр, 23:20 Қазақстан - Польша

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ch-2024-chempionatty-zhe-ispen-basta-an-bizdi-hokkeyshiler-endi-zhe-ilisten-k-z-ashar-emes-1004715](https://yvision.kz/kk/post/ch-2024-chempionatty-zhe-ispen-basta-an-bizdi-hokkeyshiler-endi-zhe-ilisten-k-z-ashar-emes-1004715)