---
title: "ӘЧ-2014: Нидерланды Чилидiң мысын басты"
description: "Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Нидерланды мен Чили құрамалары өзара кездестi. В тобында 6..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-06-24T10:22:32+00:00"
modified: "2014-06-24T10:22:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ch-2014-niderlandy-chilidi-mysyn-basty-419092"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ch-2014-niderlandy-chilidi-mysyn-basty-419092/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ӘЧ-2014: Нидерланды Чилидiң мысын басты

> Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Нидерланды мен Чили құрамалары өзара кездестi. В тобында 6...

[!\[Нидерланды құрама\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/06/photo_43202-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/06/photo_43202.jpg)

Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Нидерланды мен Чили құрамалары өзара кездестi.

В тобында 6 ұпайға ие болған қос команда бiрiншi орынға таласқан болатын. Бұл текетiресте 0:2 есебiмен Нидерланды футболшылары жеңiске жеттi.

Ойындағы алғашқы голды 77-минутта Лерой Фер салды. Ал 90-минутта Мемфис Депай есептi ұлғайтты.

Осылайша голландиялықтар 9 ұпаймен топта бiрiншi орын алып, бiрiншiлiктiң плей-офф кезеңiне шықты. 6 ұпаймен екінші орын алған чилиліктер де 1/8 финал жолдамасын қалтаға басты.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ch-2014-niderlandy-chilidi-mysyn-basty-419092](https://yvision.kz/kk/post/ch-2014-niderlandy-chilidi-mysyn-basty-419092)