---
title: "Цемент бұрынғы цемент емес!"
description: "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Сол..."
author: "KZPP"
published: "2017-01-09T23:26:19+00:00"
modified: "2017-01-09T23:26:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/cement-b-ryn-y-cement-emes-745993"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/cement-b-ryn-y-cement-emes-745993/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Цемент бұрынғы цемент емес!

> Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Сол...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс нарықтарында өткізілетін цементтің сапасына мониторинг жүргізу барысында нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін цементтің өткізілетін анықталды.

Аккредиттелген сынақ зертханалары цементтің 4 сынамасына зерттеу жүргізді, олар мынадай көрсеткіштер:

- иію кезінде және 28 тәуліктегі сығымдау кезінде беріктік шегі («Central Asia Cement» АҚ өндірген);

- 28 тәуліктегі сығымдау кезінде беріктік шегі («Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС, «Семей цемент зауыты өндіріс компаниясы» ЖШС өндірген) бойынша МЕМСТ талаптарына сәйкес келмейді.

Бұдан басқа, цементтің таңбалау бойынша сәйкес келмейтіні анықталды – дайындалған күні жоқ.

Цементтің химиялық және минералогиялық құрамының жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері ғимараттар мен құрылыстарды салуда пайдаланылатын бетонның және басқа да бұйымдардың беріктігіне елеулі ықпал етеді.

Сәйкес келмейтін цементті өткізудің барлық фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

[http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6685](http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6685)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/cement-b-ryn-y-cement-emes-745993](https://yvision.kz/kk/post/cement-b-ryn-y-cement-emes-745993)