---
title: "БЖЗҚ еліміздегі ең бай зейнеткердің айына қанша..."
description: "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) азаматтардың мамыр айына дейінгі зейнетақы жинағы туралы ақпаратты жария етті. Онда ең жоғары айлық төлем туралы да айтылған. Көрнекі фото: careerist.ru 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-24T11:33:21+00:00"
modified: "2024-05-24T11:33:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bzhz-elimizdegi-e-bay-zeynetkerdi-ayyna-ansha-alatynyn-aytty-1004952"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bzhz-elimizdegi-e-bay-zeynetkerdi-ayyna-ansha-alatynyn-aytty-1004952/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БЖЗҚ еліміздегі ең бай зейнеткердің айына қанша...

> Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) азаматтардың мамыр айына дейінгі зейнетақы жинағы туралы ақпаратты жария етті. Онда ең жоғары айлық төлем туралы да айтылған. Көрнекі фото: careerist.ru 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да...

*Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) азаматтардың мамыр айына дейінгі зейнетақы жинағы туралы ақпаратты жария етті. Онда ең жоғары айлық төлем туралы да айтылған. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/5652f0d2adc6761a4f73e4d83ca90b.jpg)

*Көрнекі фото: careerist.ru*

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да салымшылардың (алушылардың) жеке және шартты шоттарында шамамен 19 трлн теңге жинақталған. Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 3,3 трлн аса теңгеге (немесе 21,1%) өсті. Жыл басынан бері 4 айдың ішінде олардың өсімі шамамен 1,12 трлн теңге (6,2%) болды.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 2024 жылғы 1 мамырға 18,3 трлн теңгеден асып, бір жылда 20,6% ұлғайды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 599 млрд теңге (бір жылдағы өсім - 22,8%). Бір жылдағы ең үлкен өсімді (45,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті. Олардың көлемі шамамен 6 млрд теңге.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 4 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы** **57,9 млрд теңгеден асты.

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.05.2024 ж. -** **517,6 млрд. теңге.

БЖЗҚ-дан төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 2024 жылдың 4 айында шамамен 285,5 млрд теңге болды. Бұл ретте осы көлемнің 41,7%, яғни 119 млрд теңгесі - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).

Зейнет жасына толуға байланысты төлемдер шамамен 67,8 млрд теңге**,** бұл өткен жылғы көрсеткіштен 19,2 млрд теңгеге (39,5%) көп.

Сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 18,5 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 11,4 млрд теңге,** **мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 1 млрд теңгеден астам, жерлеуге төлемдер - 3,3 млрд теңге жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 64,3 млрд теңгеден астам сома аударылды.

Атап кетейік, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуға байланысты) **33 858 теңге**, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы - **945 752 теңге.** Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы **32 090 теңге,** ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы **742 692 теңге **болған.

enpf.kz/kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bzhz-elimizdegi-e-bay-zeynetkerdi-ayyna-ansha-alatynyn-aytty-1004952](https://yvision.kz/kk/post/bzhz-elimizdegi-e-bay-zeynetkerdi-ayyna-ansha-alatynyn-aytty-1004952)