---
title: "БЖК-2020 аясында «Даму» қоры несиелерді кепілдендіру құралын жетілдіруде"
description: "Екінші деңгейлі банктер кепілдегі мүліктерге тым жоғары талаптар қояды және бұл кәсіпкерлердің несие..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-09-15T03:53:00+00:00"
modified: "2015-10-02T03:53:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bzhk-2020-ayasynda-damu-ory-nesielerdi-kepildendiru-ralyn-zhetildirude-527441"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bzhk-2020-ayasynda-damu-ory-nesielerdi-kepildendiru-ralyn-zhetildirude-527441/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БЖК-2020 аясында «Даму» қоры несиелерді кепілдендіру құралын жетілдіруде

> Екінші деңгейлі банктер кепілдегі мүліктерге тым жоғары талаптар қояды және бұл кәсіпкерлердің несие...

Екінші деңгейлі банктер кепілдегі мүліктерге тым жоғары талаптар қояды және бұл кәсіпкерлердің несие алуларына айтарлықтай қиындықтар тудыруда. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры несиелерді кепілдендіру құралын дайындауда. Бұл туралы «Даму» қорының басқарушы директоры Ғасбит Лесбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Талаптардың тым жоғары жағдайында кепілдендіру сияқты құралдарды «Даму» қоры арқылы мемлекет жүзеге асыруда. Шағын және орта бизнес саласындағы 1 мың 133 компания олардың несиелері бойынша кепілді мүлікті кепілдендіру мүмкіндігін алды. Кепілдердің жалпы сомасы 22,9 млрд теңгені құрайды. Бұл шара кәсіпорындарға 52 млрд теңгенің көлеміндегі несиелерін алуға мүмкіндік жасады. Мұндай жағдайда бағдарламаның болашағы зор болады деуге болады және «Даму» қоры осы бағытта жұмыс істеуде»,-деді Ғ.Лесбеков.

Бүгінгі таңда қайта өңдеу өнеркәсібі сияқты басым салалар туралы сөз қозғайтын болсақ, бұл бағытта қор тарапынан салалық шектеулерсіз балама бағдарлама дайындалуда.

«Басымдыққа ие салаларда шектеулі ғана кәсіпорындар жұмыс істейді. Өнеркәсіп саласында бізде кәсіпкерлердің тек 3 пайызығы ғана жұмыс істейді. Сауда мен қызмет саласында кәсіпкерлердің 70 пайыз үлесі бар. Сол сбеепті бізге басымдыққа ие салалардың тізімін кеңейту қажет»,-деді Ғ.Лесбеков.

Нақтырақ айтқанда, бұл жас кәсіпкерлер бағытында жұмыс істейтін болады. Кез-келген жас кәсіпкер өзінің қай салада жұмыс істейтіндігіне қарамастан, қолдауға ие болады. Сонымен қатар, «Даму» қоры кәсіпкерлерді несиелік сауда ресурстарына қолжетімділігін кеңейтуді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар салалық және өңірлік шектеуліктер қарастырылмайтын кепілдендірудің баламалы бағдарламасы әзірленуде.

«Моно және шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлер үшін 750 млн.теңгеге дейінгі несие бойынша жылдығы 14% аспайтын жалпы мөлшерлеменің 10% мемлекет субсидиялайды. Басым секторлардағы кәсіпкерлер үшін «Даму» Қоры 7% субсидиялайды, ал өңдеу өнеркәсібіндегілер үшін 4,5 млрд.теңгеге дейінгі несие бойынша жалпы мөлшерлемесі 14%-дың 10% субсидиялайды»,- деді ол.

Соңғы 6 айда 10% кем емес валюта түсімі бар экспортшылар үшін егер несие теңгелей болса, жалпы мөлшерлеменің 14% -нан 6% дейін немесе егер несие шетелдік валютада болса жалпы мөлшерлеменің 12%-нан 5% дейін мемлекет субсидиялайды.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/24562/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bzhk-2020-ayasynda-damu-ory-nesielerdi-kepildendiru-ralyn-zhetildirude-527441](https://yvision.kz/kk/post/bzhk-2020-ayasynda-damu-ory-nesielerdi-kepildendiru-ralyn-zhetildirude-527441)