---
title: "Былтыр омбудсменге жүгінушілер саны 1,5 есе көбейген"
description: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады. Президентке азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді. Артур Ластаев: аумақтық өкілдердің толықтай..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-17T06:46:13+00:00"
modified: "2024-04-17T07:15:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/byltyr-ombudsmenge-zh-ginushiler-sany-1-5-ese-k-beygen-1003533"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/byltyr-ombudsmenge-zh-ginushiler-sany-1-5-ese-k-beygen-1003533/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Былтыр омбудсменге жүгінушілер саны 1,5 есе көбейген

> Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады. Президентке азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді. Артур Ластаев: аумақтық өкілдердің толықтай...

*Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады.* Президентке азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді. Артур Ластаев: ![](https://yvision.kz/kk/post/1003533/edit) аумақтық өкілдердің толықтай іске кіріскені жайында мәлімет берді;

былтыр Омбудсменнің атына 5 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп екенін айтты;

Ұлттық превентивті механизмнің жұмысы, заңнаманы жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты, құқық қорғау ұйымдарымен және азаматтық қоғаммен өзара ықпалдастықты жандандыру мәселелері туралы баяндады:

➤ атап айтқанда, азаптаулардың алдын алу үшін оқшаулау мекемелерінде мыңнан астам кездесу өткізілген;

➤ азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша 3,5 мыңнан аса ұсыным берілген, 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде 900-ден астам адамның құқығы қорғалған.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Президенттің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы айтты. Құқық қорғау институты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы баяндама әзірлеп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқығын қорғауға кепілдік беру ісін одан әрі күшейту қажет екеніне назар аударды. [t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/byltyr-ombudsmenge-zh-ginushiler-sany-1-5-ese-k-beygen-1003533](https://yvision.kz/kk/post/byltyr-ombudsmenge-zh-ginushiler-sany-1-5-ese-k-beygen-1003533)