---
title: "Былғары қолғап шеберлері"
description: "Жазғы олимпиада ойындарында бокстан қазақ спортшылары алтын медальсіз оралмаған. Сонау 1996 жылдан б..."
author: "dina_sharipkhanova"
published: "2016-04-07T12:19:45+00:00"
modified: "2016-04-07T12:19:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/byl-ary-ol-ap-sheberleri-688059"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/byl-ary-ol-ap-sheberleri-688059/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Былғары қолғап шеберлері

> Жазғы олимпиада ойындарында бокстан қазақ спортшылары алтын медальсіз оралмаған. Сонау 1996 жылдан б...

Жазғы олимпиада ойындарында бокстан қазақ спортшылары алтын медальсіз оралмаған. Сонау 1996 жылдан бергі бокстағы жеңістерімізді және жеңімпаздарымызы еске алып көрейік.

Айта кетейік, Риода өтетін жазғы олимпиада ойындарына тарихта бірінші рет баксерлар командасы толық құрамда қатысатын болады. 10 ер адам мен 1 қызымыз жолдама ұтып алып, олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғайтын болады.

1996 жыл Алантадағы олимпиада

Василий Жиров

1996 жылғы жазғы олимпиада ойындарында жартылай ауыр салмақ дәрежесі бойынша (81кг) жеңімпаз. Олимпиада нәтижесі бойынша Вэл Баркер кубогымен марапатталған.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, «Парасат» орденінің иегері.

 

2000 жыл Сиднейдегі олимпиада

Бекзат Саттарханов

2000 жылғы жазғы олимпиада ойындарында жартылай жеңіл салмақ дәрежесі бойынша (57кг дейін) жеңімпаз. Іріктеу кезеңінде Овиди Бобирнат (Румыния) - 14:5, 1/8 финалда - Джеффри Матхебулды (ЮАР) - 16:5, ширек финалда Рамазан Палианиды (Турция) - 12:11, жартылай финалда - Тахар Тамсаманиды (Марокко) - 22:10 және ақтық ойында Рикардо Хуаресті (США) - 22:14 ұпайымен ұтып олимпиада чемпионы атанды.

 

Ермахан Ибраимов

Қазақтың кәсіпқой-баксеры, 2000 жылғы жазғы олимпиаданың чемпионы, 1996 жылғы олимпиада ойындарының жүлдегері. Кәсіпқой-бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

 

 

2004 жыл Афинадағы олимпиада

Бахтияр Артаев

Қазақтан шыққан баксер, 69 кг салмақ дәрежесі бойынша олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Осы олимпиада да үздік олимпиада баксеры ретінде Вэл Беркер кубогының иегері.

 

2008 жыл Пекиндегі олимпиада

Бақыт Сарсекбаев

2008 жылы Пекинде өткен олимпиада ойындарында жартылай орташа салмақ дәрежесінде чемпион. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері.

 

2012 жыл Лондондағы олимпиада

Серік Сапиев

Лондонда өткен олимпиада ойындарында 69 кг салмақ дәрежесі бойынша чемпион. Вэл Беркер кубогының иегері. Қазіргі кезде «Аstana Arlans» клубының бас директоры.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/byl-ary-ol-ap-sheberleri-688059](https://yvision.kz/kk/post/byl-ary-ol-ap-sheberleri-688059)