---
title: "«Бульдозер өтіп жатқандай». Бүгін Алматы мен оның маңында болған жер сілікінісі туралы жұрт не деді?"
description: "Бүгін Алматы қаласының маңында таңертеңгі сағат 9:10 шамасында 4.6 балдық жер сілкінісі болды. Оның..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-07T07:07:07+00:00"
modified: "2024-01-07T07:08:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/buldozer-tip-zhat-anday-b-gin-almaty-men-ony-ma-ynda-bol-an-zher-silikinisi-turaly-zh-rt-ne-dedi-999627"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/buldozer-tip-zhat-anday-b-gin-almaty-men-ony-ma-ynda-bol-an-zher-silikinisi-turaly-zh-rt-ne-dedi-999627/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бульдозер өтіп жатқандай». Бүгін Алматы мен оның маңында болған жер сілікінісі туралы жұрт не деді?

> Бүгін Алматы қаласының маңында таңертеңгі сағат 9:10 шамасында 4.6 балдық жер сілкінісі болды. Оның...

Бүгін Алматы қаласының маңында таңертеңгі сағат 9:10 шамасында 4.6 балдық жер сілкінісі болды. Оның ошағы мегаполистен шығысқа қарай 55 шақырым жерде тіркелген.

![«Бульдозер өтіп жатқандай». Бүгін Алматы мен оның маңында болған жер сілікінісі туралы жұрт не деді?](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/0862a573303280155d68dd016aa08c.jpg)

Фото: total.kz

Соның салдарынан Түргенде 3 балл, Алматыда 2 балл дүмпу сезілді.

Осыдан кейін зілзала ошағы маңындағы тұрғындар қатты дүрлыгып қалды. Олар өз әсерлерін әлеуметтік желіде (https://www.instagram.com/p/C1yTOgaKEmG/?igsh=aHZtOWtjOWE1Ymc1) жарыса жазып жатыр.

«Сезінгеніміз былай тұрсын, секіріп кеттік», «Иә, Есікте сезілді», «Бульдозер өтіп бара жатқандай сұмдық болды», «Түргенде қатты дүмпу болды», «Иә, 9:10 шамасында болды. Мен қорыққанымнан далаға атып шықтым», «Біздің Тұздыбастауда да әжептәуір дүмпу болды», «Мен немене дүрс ете қалды деп қоямын», «Алматыда да сезілді» дейді жұрт.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/buldozer-tip-zhat-anday-b-gin-almaty-men-ony-ma-ynda-bol-an-zher-silikinisi-turaly-zh-rt-ne-dedi-999627](https://yvision.kz/kk/post/buldozer-tip-zhat-anday-b-gin-almaty-men-ony-ma-ynda-bol-an-zher-silikinisi-turaly-zh-rt-ne-dedi-999627)