---
title: "«Брейн ринг» атты интеллектуалды ойын өткізілді"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департамент..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-09-22T22:33:56+00:00"
modified: "2016-09-22T22:33:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/breyn-ring-atty-intellektualdy-oyyn-tkizildi-713124"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/breyn-ring-atty-intellektualdy-oyyn-tkizildi-713124/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Брейн ринг» атты интеллектуалды ойын өткізілді

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департамент...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің *(Бұдан әрі – Департамент)* Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің *(Бұдан әрі – Университет)* студенттерімен бірлесіп **«Брейн ринг»** атты интеллектуалды ойын өткізді.

Аталмыш ойын жалпы қолжетілімдікті, яғни Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқығы және өзінің қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметте жоғарлауы туралы танытуға, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен біліктілігі үлгісін, олардың бақылаулығын және есептілігін кеңінен көрсетуге және мемлекеттік қызмет имиджін арттыруға бағытталған.

Департамент өкілі Нұрбол Бейсеков ойын қатысушыларына жеңіс тілеп, мемлекеттік қызметке байланысты заңдарды түсіндіріп өтті.

4 кезеңнен тұратын ойын Университет жанындағы «Сұңқар» атты студенттер мен магистранттар кәсіподағында өтті. Ойынға Мемлекеттік және жергілікті басқару факультетінің студенттері қатысты.

Студенттер ойын барысында «Әдеп кодексі», «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары жайлы білімдерін көрсетті.

«Сұңқар» атты студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрайымы Шұғыла Бүрлібаева осы өте маңызды іс-шараны ұйымдастырған үшін Департамент өкілдеріне алғыс білдірді.

![«Брейн ринг» атты интеллектуалды ойын өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/DCbwpPZJv24sTRTlVV88Yy9y98mpzx.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/breyn-ring-atty-intellektualdy-oyyn-tkizildi-713124](https://yvision.kz/kk/post/breyn-ring-atty-intellektualdy-oyyn-tkizildi-713124)