---
title: "Brexit дегеніміз не, және оның себептері неде?"
description: "Биылғы жылдың ең маңызды және қызық мәселелерінің бірі – ол Ұлыбританияның Еуропа Одағынаң шығуы тур..."
author: "doesntmatter"
published: "2016-09-28T03:07:00+00:00"
modified: "2016-09-28T03:07:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/brexit-degenimiz-ne-zh-ne-ony-sebepteri-nede-714508"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/brexit-degenimiz-ne-zh-ne-ony-sebepteri-nede-714508/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Brexit дегеніміз не, және оның себептері неде?

> Биылғы жылдың ең маңызды және қызық мәселелерінің бірі – ол Ұлыбританияның Еуропа Одағынаң шығуы тур...

Биылғы жылдың ең маңызды және қызық мәселелерінің бірі – ол Ұлыбританияның Еуропа Одағынаң шығуы туралы өткізген референдумі, немесе Brexit. Бізге бәрімізге оның нәтижесі белгілі: 51.9% адам шығуға дауыс беріп, Ұлыбритания келе жатқан үш жылдың ішінде барлық документтерін дайындап, ЕО-ның бөлігі болмайтын болады. Ол тек қана дүниежүзілік политикаға ғана өте маңызды бола келмей, әр түрлі адамдардың көзқарастарын және ойларын зерттеуге өте пайдалы, өйткені референдум кезінде біраз қызық статистика жиналған еді.

Бір қызық нәрсе – ол қандай адамдардың неге дауыс бергені. Саясаткерлердің бен жұлдыздардың көбісі Brexit-ке қарсы шығып, көптеп оған қарсы насихаттаған. Жалпыласақ, бай адамдардың тобы Еуропа Одағында қалуды өзіне тиімді санаған. Оған қарсы, көптеген сауалнамалар бойынша, ЕО-дан шығуға дауыс берген адамдардың көбісі ауылдардың тұрғындары болатын. Сонымен бірге, жастардың көбісі де ЕО-да қалуды қолдаған екен.

Бұл статистикаға қарай отыра, біраз тұжырым шығара аламыз. Ең алғашқысы – ол Британияның өзінің ауылдарындағы халыққа дұрыс күтім бере алмағаны. Эксперттердің көбісі Brexit ағылшын экономикасын бұзатың нәрсе болады деп пікір бергенімен, біз ЕО-дан келе жатқан ақшаның көбісі қарапайым халыққа емес, үлкен қала тұрғындарына баратын екенің көреміз. Екіншісі – ол жастар мен аға буынының арасындағы түсініспеушілік. ЕО – бұл жаһанданудың ең үлкен салдарының бірі, және көптеген ескі көзқарасты адамдар оған мүлдем дайын емес болатын. Соңғы жылдары, Еуропада көші-қон саны айтарлықтай артты, және оған қарсы Британия мен Германия секілді бай елдерде көп наразылық білдірілген еді. Жастар осындай жағдайда өмірлерінің көбісін өткізіп, иммигранттарға үйреніп кеткен еді, бірақ та ол түсінік қарттарға таралып кеткен емес.

Қорытындылай келсек, ЕО-даң шығуға жол бермеу Ұлыбританияның өз қолында болған мәселе еді. Өз қарапайым халқына көбірек құлақ салып, олардың талаптарың орындаса, осындай референдум өткізілмеуі де әбден мүмкін еді. Еңді не болатының ешкім білмейді, бірақ та осындай үлкен дағдарыс – ол әр елге қиын жағдай.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/brexit-degenimiz-ne-zh-ne-ony-sebepteri-nede-714508](https://yvision.kz/kk/post/brexit-degenimiz-ne-zh-ne-ony-sebepteri-nede-714508)