---
title: "Бразилияның футбол академиясында тәлім алған қазақ футболшыларына жаңа бапкер келді"
description: "Астанадағы «Бәйтерек» футбол клубына жаңа бапкер келді. Бұл туралы Қазақстанның футбол федерацияс..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-04-09T00:04:30+00:00"
modified: "2014-04-09T00:04:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/braziliyany-futbol-akademiyasynda-t-lim-al-an-aza-futbolshylaryna-zha-a-bapker-keldi-408919"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/braziliyany-futbol-akademiyasynda-t-lim-al-an-aza-futbolshylaryna-zha-a-bapker-keldi-408919/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бразилияның футбол академиясында тәлім алған қазақ футболшыларына жаңа бапкер келді

> Астанадағы «Бәйтерек» футбол клубына жаңа бапкер келді. Бұл туралы Қазақстанның футбол федерацияс...

[!\[Бразилияның футбол академиясында тәлім алған қазақ футболшыларына жаңа бапкер келді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/20140408140619-300x183.png)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/20140408140619.png)

Астанадағы «Бәйтерек» футбол клубына жаңа бапкер келді. Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы хабарлады.

Айта кетейік, команда құрамын негізінен Бразилияның «Оле Бразил/Ботафого» футбол академиясында екі жыл жаттығып келген футболшылар құрайды. «Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының аға бапкері, танымал ресейлік маман Михаил Соловьев «Бәйтерек» (Астана) футбол клубының бас бапкері қызметіне келді», — делінген хабарламада. Еске сала кетейік, Қазақстан мен Бразилияның бірлескен жобасы 2009 жылы бастау алған болатын. Қазақстанның жас өрендерінің бірінші легі Сан-Паулуда «Оле Бразил Клаб» академиясында екі жыл жаттығып қайтқан болатын. Қазақ футболшыларының екінші тобы 2012 жылы наурызда кетті.

Автор: [Жасұлан Жолдыбаев](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1224) [!\[Бразилияның футбол академиясында тәлім алған қазақ футболшыларына жаңа бапкер келді\](http://www.inform.kz/img/ico_twitter.png)](https://twitter.com/inform_zhas)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/braziliyany-futbol-akademiyasynda-t-lim-al-an-aza-futbolshylaryna-zha-a-bapker-keldi-408919](https://yvision.kz/kk/post/braziliyany-futbol-akademiyasynda-t-lim-al-an-aza-futbolshylaryna-zha-a-bapker-keldi-408919)