---
title: "Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде"
description: "2014 жылдың 4 шілдесінде Ақтөбе обылысында аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының ..."
author: "ecogovkz"
published: "2014-07-08T00:35:01+00:00"
modified: "2014-07-08T00:37:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/brakonerlikpen-k-res-sharalary-zh-ninde-420552"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/brakonerlikpen-k-res-sharalary-zh-ninde-420552/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

> 2014 жылдың 4 шілдесінде Ақтөбе обылысында аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының ...

2014 жылдың 4 шілдесінде Ақтөбе обылысында аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Айтеке би ауданында жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында екі жергілікті тұрғыны отырған УАЗ маркалы автокөлігін тоқтатып, тексерді.Нәтижесінде автокөлік ішінен киіктің жаңа кесілген екі мүйізі, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 83 оқ (ірі бытыра), пышақ, ара және дүрбі табылды.Құрықталған адамдар мен олардан тәркіленген айғақты заттар Айтеке би аудандық ІІБ жеткізіліп, тапсырылды.Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызыметі

[http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/104-100/](http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/104-100/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/brakonerlikpen-k-res-sharalary-zh-ninde-420552](https://yvision.kz/kk/post/brakonerlikpen-k-res-sharalary-zh-ninde-420552)