---
title: "Браконьерлер «мүйізбен» ұсталынды"
description: "ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Охотзоопром» өндірістік бірлест..."
author: "msh"
published: "2015-05-05T07:44:55+00:00"
modified: "2015-05-05T07:44:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/brakonerler-m-yizben-stalyndy-499113"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/brakonerler-m-yizben-stalyndy-499113/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Браконьерлер «мүйізбен» ұсталынды

> ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Охотзоопром» өндірістік бірлест...

![Браконьерлер «мүйізбен» ұсталынды](https://storage.yvision.kz/images/user/msh/qG8CzMRZVFxOPDY99yYqLnsTa3BMq7.jpg)

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары табиғат қорғау полиция қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының аумағында «Toyota LC80» автокөлігін басқарған Ақтөбе облысының тұрғындары тоқтатылды. Аталған автокөлікті тексеру барысында 82 дана жаңа кесілген киік мүйізі, 2 тегіс ұңғылы мылтық, 316 дана оқ, 2 ара және 42 дана дөңгелек тескіштер табылып, тәркіленді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі +7 (7172) 55-57-65 E: minagripress@gmail.com W: www.minagri.gov.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/brakonerler-m-yizben-stalyndy-499113](https://yvision.kz/kk/post/brakonerler-m-yizben-stalyndy-499113)