---
title: "Бозымбаев Омбы қазақтарының мәселесін шешіп бермек"
description: "Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев шекаралас жатқан ..."
author: "makala"
published: "2014-09-15T03:43:37+00:00"
modified: "2014-09-15T03:43:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bozymbaev-omby-aza-taryny-m-selesin-sheship-bermek-429634"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bozymbaev-omby-aza-taryny-m-selesin-sheship-bermek-429634/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бозымбаев Омбы қазақтарының мәселесін шешіп бермек

> Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев шекаралас жатқан ...

![Бозымбаев Омбы қазақтарының мәселесін шешіп бермек](http://alashainasy.kz/userdata/news/2014/news_54055/thumb_b/photo_56022.jpg)

Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев шекаралас жатқан көрші Омбы облысына барған сапарында мұндағы мектептерде оқытылатын пәндер қатарына қазақ тілін де енгізуді ұсынды. "Бұл ретте әкім үш тілді бірдей оқытатын Қазақстан мектептерін мысалға келтірді" деп хабарлайды "Омскинформ" жергілікті ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған ["Алаш айнасы"](http://alashainasy.kz/) басылымы. "Ресей Федерациясының қазақ азаматтары түп-тамырынан ажырап қалмас үшін, өзінің тілін ұмытпас үшін, Қазақстанға барғанда өзінің туған-туысымен ана тілінде сөйлесуі үшін біз келісімге келетін боламыз. Омбы облысындағы мектептерде оқытылатын пәндер қатарына біртіндеп қазақ тілін енгізуге қол жеткізетін күн де алыс емес", - деді Бозымбаев Омбы мұнай зауытына барған сапарында. Сондай-ақ ол мектептерді қажетті оқулық құралдарымен қамтамасыз етуге қол ұшын беруге дайын екендігін де айтты. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz)](http://mtdi.kz/til-saiasaty/til-tynysy/4022-bozimbaev-ombi-kazakhtarynyn-maselesin-sheshyp-bermek)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bozymbaev-omby-aza-taryny-m-selesin-sheship-bermek-429634](https://yvision.kz/kk/post/bozymbaev-omby-aza-taryny-m-selesin-sheship-bermek-429634)