---
title: "«Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі «Астана» концерт залында өтуде"
description: "«Астана» концерт залында жаңа теміржол вокзалдық кешенінің ашылуына байланысты \"Бос жұмыс орындар\" ..."
author: "symbatym"
published: "2017-03-29T02:06:32+00:00"
modified: "2017-03-29T02:06:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi-astana-koncert-zalynda-tude-761651"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi-astana-koncert-zalynda-tude-761651/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі «Астана» концерт залында өтуде

> «Астана» концерт залында жаңа теміржол вокзалдық кешенінің ашылуына байланысты "Бос жұмыс орындар" ...

![«Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі «Астана» концерт залында өтуде](https://storage.yvision.kz/images/user/symbatym/drDNK0mFO3Il1mqnbP5sCC09cy640n.jpg)

«Астана» концерт залында жаңа теміржол вокзалдық кешенінің ашылуына байланысты "Бос жұмыс орындар" жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңкеге келушілер саны өте көп.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 60-қа жуық жұмыс беруші қатысуда. Оның ішінде көлік және логистика, деңсаулық сақтау және білім беру, құрылыс және қызмет көрсету, сауда және қаржы және т.б бар. Барлығы шамамен 1 мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылуда.

Сондай-ақ, шара барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ және Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы арасында ресми түрде ниет келісіміне қол қойылды. Онда жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларға тараптардың белсенді қатысуы қарастырылған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi-astana-koncert-zalynda-tude-761651](https://yvision.kz/kk/post/bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi-astana-koncert-zalynda-tude-761651)