---
title: "Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі!"
description: "Екі жүзден астам жас павлодарлықтар өз еңбек жолы мен жарқын болашағына қадам басты. Бүгін, Жастар б..."
author: "CRMI"
published: "2015-10-14T05:11:33+00:00"
modified: "2015-10-14T05:39:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bos-yzmet-oryndaryny-zh-rme-kesi-578504"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bos-yzmet-oryndaryny-zh-rme-kesi-578504/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі!

> Екі жүзден астам жас павлодарлықтар өз еңбек жолы мен жарқын болашағына қадам басты. Бүгін, Жастар б...

Екі жүзден астам жас павлодарлықтар өз еңбек жолы мен жарқын болашағына қадам басты. Бүгін, Жастар бастамаларын дамыту орталығында кезекті бос қызмет орындарының жәрмеңкесі өтті.

![Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі!](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/E6R60QSZ4l7pKdxLrR0JD8mdFdPVLH.jpg)

Мұндай акциялар әлеуметтік жұмыс орындары туралы хабарлап қана қоймай, жас адамдарға жеке әлеуетті жұмыс берушілермен кездесуге, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі. 16 шағын кәсіпорындармен қатар, «Қазақстан алюминийі» АҚ, ПМХЗ ЖШС сынды ірі кәсіпорындар талантты, бәсекеге қабілетті кадрларды іздеуде жәрмеңкені аралап қайтты.

![Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі!](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/shg9xJZ7o7lYpL5rM3reZgtmrv78X9.jpg)

Сонымен қатар, Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік берілді. Әрбір өтініш берушіге «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу туралы кәсіби кеңес берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bos-yzmet-oryndaryny-zh-rme-kesi-578504](https://yvision.kz/kk/post/bos-yzmet-oryndaryny-zh-rme-kesi-578504)