---
title: "«Бордо» — «Қайрат» матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді"
description: "Еуропа Лигасының плей-офф раунды аясында франциялық «Бордо» клубы алматылық «Қайрат» командасымен ке..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-11T07:51:43+00:00"
modified: "2015-08-11T07:51:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bordo-ayrat-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-528757"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bordo-ayrat-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-528757/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бордо» — «Қайрат» матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

> Еуропа Лигасының плей-офф раунды аясында франциялық «Бордо» клубы алматылық «Қайрат» командасымен ке...

Еуропа Лигасының плей-офф раунды аясында франциялық «Бордо» клубы алматылық «Қайрат» командасымен кездеседі.

![«Бордо» — «Қайрат» матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/B4khn0vuUQl8f8XA1h9Yumv3rSX8jd.jpg)

Алғашқы ойын 20 тамызда (21 тамызға қараған түн) Францияның «Нуво Стад де Бордо» стадионында Астана уақытымен сағат түнгі 00:30-да өтеді. Ал, екінші матч Алматының «Орталық стадионында» 27 тамыз күні 20:45-те өтеді. Аталған екі кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының алғашқы кезеңдерінде сербиялық «Црвена Звезда», армениялық «Алашкерт» пен шотландиялық «Абердин» клубтарын ұтқан.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bordo-ayrat-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-528757](https://yvision.kz/kk/post/bordo-ayrat-matchyn-aza-stan-ltty-telearnasy-tikeley-efirde-k-rsetedi-528757)