---
title: "Болашақ заңгерлер мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдайды"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департамент..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-09-22T22:30:21+00:00"
modified: "2016-09-22T22:30:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-za-gerler-memleketti-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sayasatyn-oldaydy-713120"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-za-gerler-memleketti-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sayasatyn-oldaydy-713120/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Болашақ заңгерлер мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдайды

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департамент...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (*Бұдан әрі – Департамент*) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында (*Бұдан әрі – Академия*) профессорлық оқытушы құрамы мен студенттердің қатысуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Әдеп кодексі» Заңдарын түсіндіру мақсатында семинар – мәжіліс өткізді.

Департамент өкілі Нұрбол Бейсеков ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының мақсатын, негізгі бағыттарын, және міндеттерін түсіндірді.

Академияның ректоры Өмірәлі Жалайыри, академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, студенттердің академия басшылығына сенімін арттыру және «Таза сессия» бағдарламасын іске асыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Іс-шара сұрақ – жауап форматында өтті.

![Болашақ заңгерлер мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдайды](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/YO5MNbQBxeNe3Pe8QMEajjpeqq4kr4.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bolasha-za-gerler-memleketti-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sayasatyn-oldaydy-713120](https://yvision.kz/kk/post/bolasha-za-gerler-memleketti-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sayasatyn-oldaydy-713120)