---
title: "Болашақ технологтар сыбайлас жемқорлықтан бас тартуда"
description: "Бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және 2015-2025 жыл..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-11T02:44:14+00:00"
modified: "2015-12-11T02:44:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-tehnologtar-sybaylas-zhem-orly-tan-bas-tartuda-667297"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-tehnologtar-sybaylas-zhem-orly-tan-bas-tartuda-667297/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Болашақ технологтар сыбайлас жемқорлықтан бас тартуда

> Бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және 2015-2025 жыл...

Бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау мақсатында Алматы Технологиялық Университетінде семинар-кеңес өтті.

Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің бөлім басшысы Мақсатхан Анапин, «Азаматтық Альянс» ЗТБ басшысы Саулетта Толганбаева және университеттің студенттері мен оқытушы құрамы қатысты.

Мақсатхан Анапин мемлекеттік қызмет саласында келе жатқан өзгерістер туралы, бірінші институционалдық реформаны, және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.

Саулетта Толганбаева өзінің баяндамасында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, ол патриотизм, кәсіпқорлық және еңбекқорлықтан тұратынын айтып өтті.

Университет проректоры Қалтай Батхолдин, университет сайтында ректордың блогінде әр студент оқытушы жайлы өз пікірін білдіре алатынын айтты. Университетпен жүргізілетін «оқытушы студенттің көзқарасымен» атты акциясының нәтижесі бойынша оқытушыға шара қолданылатынын айтып өтті.

![Болашақ технологтар сыбайлас жемқорлықтан бас тартуда](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/ZULonX6NAk5b20Wx72s0fR438AC8f9.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bolasha-tehnologtar-sybaylas-zhem-orly-tan-bas-tartuda-667297](https://yvision.kz/kk/post/bolasha-tehnologtar-sybaylas-zhem-orly-tan-bas-tartuda-667297)