---
title: "Болашақ полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлық – бұл қоғам мен мемлекеттің дамуына қарсы қылмыс екенін түсінеді"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-11T04:10:50+00:00"
modified: "2015-12-11T04:10:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-policiya-yzmetkerleri-sybaylas-zhem-orly-b-l-o-am-men-memleketti-damuyna-arsy-ylmys-ekenin-t-667362"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-policiya-yzmetkerleri-sybaylas-zhem-orly-b-l-o-am-men-memleketti-damuyna-arsy-ylmys-ekenin-t-667362/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Болашақ полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлық – бұл қоғам мен мемлекеттің дамуына қарсы қылмыс екенін түсінеді

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, «Болашақ полиция қызметкерлері – 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізгі бастаушылары» атты кеңес өткізді. Аталған іс - шараға ҚР ІІМ Академиясы басшылары, мұғалімдері және курсанттары қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің кеңесшісі Бақытбек Әлішов кеңеске қатысушыларға 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны және Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды реформасы мен «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс екенін, бұған болашақ полиция қызметкерлері-Академия курсанттары белсене ат салысу керектігін айтты. Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың ұстанымында болуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитетсіз азаматтар арасында қалаған нәтижеге қол жекізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсінуі керек. Сыбайлас жемқорлықтың салдарынан мемлекетіміз бен бүкіл халықтың, соның ішінде құқық қорғау органдарының да беделі төмендейді. Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Қазіргі Академия курсанттары – болашақтағы полиция қызметкерлері халықпен біте жұмыс істейтінін ескере отырып, оларға мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан саясатын насихаттау керектігі түсіндірілді.

ҚР ІІМ Академиясы басшысының орынбасары полиция полковнигі Ш.Себеков оқытылып жатқан бағдарлама бойынша Академия курсанттары мен мұғалімдері мемлекетпен жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстырлағанын және мұғалімдер арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін жоюға байланысты атқарып жатқан іс-шараларына тоқталып өтті.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына байланысты жаднамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Кеңес барысында қатысушылар өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

![Болашақ полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлық – бұл қоғам мен мемлекеттің дамуына қарсы қылмыс екенін түсінеді](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/d6fam80nxu2NjnK9yuFU4R0z3wMT2u.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bolasha-policiya-yzmetkerleri-sybaylas-zhem-orly-b-l-o-am-men-memleketti-damuyna-arsy-ylmys-ekenin-t-667362](https://yvision.kz/kk/post/bolasha-policiya-yzmetkerleri-sybaylas-zhem-orly-b-l-o-am-men-memleketti-damuyna-arsy-ylmys-ekenin-t-667362)