---
title: "Болашақ, Латын әліпбиінде!"
description: "Назарбаев Латынға өтудің басты талап ғана емес, ұлттық менталдылығымыз үшін, геосаяси дамуымыз үшін ..."
author: "tracyb"
published: "2017-04-29T09:24:23+00:00"
modified: "2017-04-29T09:24:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-latyn-lipbiinde-765287"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-latyn-lipbiinde-765287/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Болашақ, Латын әліпбиінде!

> Назарбаев Латынға өтудің басты талап ғана емес, ұлттық менталдылығымыз үшін, геосаяси дамуымыз үшін ...

Назарбаев Латынға өтудің басты талап ғана емес, ұлттық менталдылығымыз үшін, геосаяси дамуымыз үшін аса қажет екенін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты саяси мақаласында тәптіштеп айтып кетті. Жақсы болсын, жаман болсын бастама көтерілді деп көздері бақырайып отырғандар бар арамызда. Одан бөлек, екі қолын көтеріп, латын әліпбиіне көшуді қолдаймыз дейтін санаттағылар да жетеді. Ең бастысы, қарсылық білдіріп, теріс айналғандар қарасы аз…Шүкір дейік! Ондайлар, Қазақстанда жоқ деп айтуға болады. Ресей жақтан бірлі жарым қоғамдық белсенділер мен шовиктердің үріп жатқаны болмаса, негізінен, қоғам жылы қабылдады. Мұның өзі жеңіс! Назарбаевтың ғана емес, халықтың жеңісі! Рухани саяси-ағартушылық миссияның жаңа бір кезеңі басталды деген белгі. Мүмкін, бұл сынақ, уақытша болуы ғажап емес. Бірақ, қазақ ұлтшылдығының тірі көсемдері бірігіп, «карт-бланчты» дұрыс пайдаланса, бұл бақытты баянды етуге болады. Әрине, мұның басқа да саяси астарлары болуы мүмкін. Ресейдегі Путиндік биліктің әлсіреуі мен Орта Азиядағы түркілік өркениеттің жандануы. Бұдан бөлек, қазақ ұлтшылдығы миссиясының қайта зарядталып, күш алуы \тірілуі\ Бірақ, латын әліпбиіне көшуді үлкен геосаяси мәселеге айналдырып, елдің басын қатырудың керегі жоқ. Тіпті, науқаншылдықпен БАҚ тан айта берудің де керегі жоқ. Кері әсер, келеңсіз пікір тудыруы мүмкін. Мүмкін, әлдебір қара ниеттілердің «ойынына» айналып кетуі ғажап емес.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bolasha-latyn-lipbiinde-765287](https://yvision.kz/kk/post/bolasha-latyn-lipbiinde-765287)