---
title: "Болашақ кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау"
description: "Ағымдағы жылғы 5 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша д..."
author: "finpolsko"
published: "2016-04-06T00:35:46+00:00"
modified: "2016-04-06T00:35:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-k-sipkerlerdi-zhan-zha-ty-oldau-687709"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-k-sipkerlerdi-zhan-zha-ty-oldau-687709/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Болашақ кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау

> Ағымдағы жылғы 5 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша д...

![Болашақ кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/A91cN63S8Al3WiEfLzTZnR0X3X0S64.jpg)

Ағымдағы жылғы 5 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының оқу жобасы шеңберінде тәлім алып жатқан болашақ кәсіпкерлерге семинар өткізді.

![Болашақ кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/OYk5z7qQlh1Axj5X9lVJ1jcAdR2UHv.jpg)

Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы А.Т. Қазбекова, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына Департамент тарапынан тұрақты түрде мониторинг жүргізілетіндігін айтты, сондай-ақ ол мемлекеттік органдармен әрекет ету кезінде бизнес-субъектілері жиі тап болған әкімшілік тосқауылдардың бірқатары жойылғандығын жеткізді.

![Болашақ кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/Ov05RDQ9Qx4GxrVZ72HGsflZyyz7zV.jpg)

Ал сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Р.С. Байжанов, жиылғандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін реттейтін заңнамамен таныстырды. Әсіресе, кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасау барысында туындау қаупі бар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне басты назар аударылды. Сонымен қатар кездесуге қатысушыларға Департаменттің сенім телефоны, ресми интернет ресурсы және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары туралы мәлімет берілді.

![Болашақ кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/UAFLqP8X6Tr512j3l1f18mq85Uy6x9.jpg)

«ДАМУ» қорының аталмыш оқу жобалары тұрақты негізде өткізіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bolasha-k-sipkerlerdi-zhan-zha-ty-oldau-687709](https://yvision.kz/kk/post/bolasha-k-sipkerlerdi-zhan-zha-ty-oldau-687709)