---
title: "Болашақ энергиясы"
description: "Ел аузындағы терминдер туралы Әйгілі канадалық ғалым Вацлав Смилдің «Адамзат тарихы – сайып келгенд..."
author: "yerlan_iskakov"
published: "2017-09-06T00:31:49+00:00"
modified: "2017-09-06T00:31:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-energiyasy-777707"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-energiyasy-777707/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Болашақ энергиясы

> Ел аузындағы терминдер туралы Әйгілі канадалық ғалым Вацлав Смилдің «Адамзат тарихы – сайып келгенд...

![Болашақ энергиясы](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlan_iskakov/4W5Ap0uzpxh66Zv4zoBtkm9LddA4zr.jpg)

Ел аузындағы терминдер туралы

Әйгілі канадалық ғалым Вацлав Смилдің «**Адамзат тарихы** **–** **сайып келгенде, энергияны игеру мен оны пайдаланудың түрлі технологияларының даму тарихы»** деген сөзі негізсіз емес.

Әлемдік энергетиканың бүгінгісі мен болашағы туралы пікір-таласта жаңа/ескі технологиялар енді климаттың өзгеруі мен тұрақты даму проблемалары тұрғысынан қарастырылатын болды. Аяқталуға жақын ЭКСПО-2017 көрмесінің "Болашақ энергиясы" деген тақырыбының негізгі түйіні де осында.

Аталған тақырыпқа байланысты кезінде жұмыс бабымен біраз ізденіс жасап, ең жиі кездесетін терминдер мен ұғымдар тізімін жасаған едім. Сол тізімнен іріктеп алынған 20 термин мен сөз тіркесінің ағылшынша-қазақша баламалары төмендегідей:

 

**Advanced biofuels**

*Жаңа биоотын түрлері*

 

**Clean energy** **technologies**

*Экологиялық таза энергетика технологиялары*

* *

**Climate change adaptation**

*Климаттың өзгеруіне бейімделу*

 

**Electric car**

*Электромобиль* *(электрлік автокөлік)*

 

**Energy mix**

*Энергетикалық баланс /отын-энергетикалық теңгерім (санам)*

* *

**Environmentally friendly energy source**

*Қоршаған ортаға зиян тигізбейтін энергия көзі*

* *

**Fossil fuel**

*Қазынды отын*

* *

**Global warming**

*Ғаламдық жылыну*

 

**Greenhouse gases (GHG)**

*Парниктік газдар /жылыжай газдары*

* *

**Light-emitting diodes**

*Сәуле шығаратын диодтар*

* *

**Nuclear fusion**

*Термоядролық (термоөзектік) синтез*

* *

**Oil and gas recovery**

*Мұнай және газ өндіру (шығару)*

 

**Renewable energy sources**

*Жаңартылатын (жаңғырмалы) энергия көздері*

* *

**Smart grid technology**

*«Ақылды» энергожүйелер/ интеллектуалдық электр желілері*

 

**Solar battery** **(rechargeable solar battery)**

*Фотоэлектрлік күн батареясы*

 

**Solar generator (solar plant)**

*Күн электр станциясы (гелиоқондырғы)*

 

**To tackle climate change**

*Климаттың өзгеруіне қарсы күресу*

 

**Waste management**

*Қалдықтарды кәдеге жарату (қалдықтарды өңдеу, жинау,* *жою)/қалдықтарды басқару*

* *

**Wind power generator**

*Желдік генератор*

* *

**Zero-energy building**

*Энергияны қажет етпейтін ғимарат.*

 

* *

Толығырақ: Энергетика, климаттың өзгеруі және тұрақты даму саласында жиі кездесетін терминдер, сөздермен сөз тіркестерінің [«Болашақ энергиясы» атты анықтамалығын](https://ridero.ru/books/energiya_budushego/) қараңыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bolasha-energiyasy-777707](https://yvision.kz/kk/post/bolasha-energiyasy-777707)