---
title: "Болашақ десантшылар парашютпен секірді"
description: "Құрлық әскерлерінің әскери институтында десант әскерлері мен әскери барлау мамандығы бағдарламасы бо..."
author: "minoboronyRK"
published: "2014-02-27T23:49:03+00:00"
modified: "2014-02-27T23:49:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-desantshylar-parashyutpen-sekirdi-402908"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-desantshylar-parashyutpen-sekirdi-402908/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Болашақ десантшылар парашютпен секірді

> Құрлық әскерлерінің әскери институтында десант әскерлері мен әскери барлау мамандығы бағдарламасы бо...

![Болашақ десантшылар парашютпен секірді](http://www.mod.gov.kz/ru/foto/storefront/6075_large.jpg)

Құрлық әскерлерінің әскери институтында десант әскерлері мен әскери барлау мамандығы бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 4-курстың курсанттары әскери-көліктік ұшақтан парашютпен секірді.

Бұл болашақ десантшылардың жиырма үшінші секіруі. Курсанттар секіру алдында әуе-десанттық кешенінде ұшаққа орналасудан жерге қонуға дейінгі өздерінің әрбір іс-қимылын пысықтады.

- Әрбір секіру алдында біз тренажерларда түрлі жаттығуларды қайталап, парашюттерді жинау жөнінен және әуе-десанттық даярлық бойынша оқытушыларымызға нормативтер тапсырамыз. Біз әуедегі кез-келген жағдайға әзір болып, жедел шешім қабылдай алуымыз керек, - дейді 4-курс курсанты Әлжан Бірліков.

Тактика кафедрасының әуе-десанттық даярлық жөніндегі аға оқытушысы полковник Алексей Никитиннің айтуынша шекті жағдай желдің секундына жеті метр болғанға дейін секіруге рұқсат етіледі. Полковник Алексей Никитин Құрлық әскерлері әскери институты 4-курсының жеке құрамы кемелік тобының десант түсіруі ойдағыдай өткенін атап өтті.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bolasha-desantshylar-parashyutpen-sekirdi-402908](https://yvision.kz/kk/post/bolasha-desantshylar-parashyutpen-sekirdi-402908)