---
title: "Болашақ дәрігерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-11T05:14:19+00:00"
modified: "2015-12-11T05:14:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-d-rigerler-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-667401"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-d-rigerler-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-667401/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Болашақ дәрігерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) Қазақстан-Ресей медицициналық университетінде студенттер және профессорлық- оқытушылар құрамының қатысуымен «**Сыбайласқан жемқорлық** – ол вирус: Жастар, өздеріңді жағымсыз нәрседен қорғаңдар» тақырыбына ғылыми-танымдық конференциясы өткізілді.

Департамент Басшысының орынбасары– Тәртіптік кеңестің Төрағасы Бахтияр Камалов 2015-2025 жж. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен кәсіби мемлекеттік аппаратын қалыптастыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының бірінші институционалдық реформасын түсіндірді.

Ректордың м.а., медицина ғылымының докторы, профессор – Галина Шокарева, «Нұр Отан» партиясымен бірігіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау мемлекеттік бағдарламасынжүзеге асыру бойынша университетте белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, сонымен қатар, студенттер арасында анонимдік сауалнама жүргізіліп,саралау жасалатынын, студенттердің сабаққа қатысуы бақыланып онлайн порталдың бар екенін және әр кабинетте бақылау камералары орнатылғанын атап өтті.

Жүйелі түрде «Таза сессия» акциясы өткізіледі.

Баяндама жасағандар: Кәмшат Алпысбаева – тәртіп бойынша оқытушы«Құқық негізі» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мәні» баяндамасымен, Рәбиға Таңібергенова - тәртіп бойынша оқытушы «Құқық негізі» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі мәселелері»баяндамасымен, Бақдәулет Жұмабай - 1 курсстуденті баяндама тақырыбы « ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес», Наргүл Жайлиш - 1 курс студентібаяндама тақырыбы «Жемқорлықтың қоғаммен мемлекет үшін қауіптілігі» осы баяндамаларда қоғам мен жоғарғы оқу орындарында сыбайлас жемқорлықты барынша азайту нақтылы механизмі ұсынылған.

Конференция сұрақ-жауап форматында өткізілді , сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер тақырыптарына видео роликтер көрсетіліп, социалистік сауалнама өткізілді,жадынамалар таратылды.

![Болашақ дәрігерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/JDGPb4n9x4ku84I2Ru32mDZ80yfxR8.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bolasha-d-rigerler-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-667401](https://yvision.kz/kk/post/bolasha-d-rigerler-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-667401)