---
title: "Болашақ чемпиондар спорттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы"
description: "2016 жылдың 07 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қ..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-04-25T22:34:29+00:00"
modified: "2016-04-25T22:34:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-chempiondar-sportta-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-690704"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-chempiondar-sportta-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-690704/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Болашақ чемпиондар спорттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

> 2016 жылдың 07 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қ...

2016 жылдың 07 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (*Бұдан әрі – Департамент*) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері Қазақ спорт және туризм академиясында (*Бұдан әрі – Академия*) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Әдеп кодексі» Заңдарын түсіндіру мақсатында семинар – мәжіліс өткізді.

Семинар – мәжіліске академияның профессорлық оқытушы құрамы мен студенттер қатысты.

Департамент өкілі Нұрбол Бейсеков ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының мақсатын, негізгі бағыттарын, міндеттерін және қабылданған жаңа заңдарда қарастырылған өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.

Академияның проректоры Мұхтар Есқалиев, академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, студенттердің академия басшылығына сенімін арттыру және «Таза сессия» бағдарламасын іске асыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бейне роликтер көрсетіліп, сұрақ – жауап форматы қолданды.

![Болашақ чемпиондар спорттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/VH4wm7V72iqZ7iCoKRm06be4KW0s6G.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bolasha-chempiondar-sportta-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-690704](https://yvision.kz/kk/post/bolasha-chempiondar-sportta-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-690704)