---
title: "«Болашаққа көзқарас»"
description: "Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәд..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-04-19T21:59:35+00:00"
modified: "2017-04-19T21:59:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-a-k-z-aras-764123"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bolasha-a-k-z-aras-764123/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Болашаққа көзқарас»

> Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәд...

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/dsc_0078_0.jpg)

Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасына сәйкес облыстың 495 мектебінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс істейді.Аталмыш клубтарда жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сезімін қалыптастыруға, мектеп қабырғасында адамгершілігі жоғары, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік құзыретті азаматты қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде. А.ж. 19 сәуірде мектеп ортасында рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Көкшетау қ. №4 орта мектебінде «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы М. Ахмекалиев, бас маманы Е. Кенжалин, мектеп басшылары, «Адал ұрпақ» клубының басшысы, сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары – «Адал ұрпақ» клубының мүшелері қатысты. Кездесу әңгімелесу түрінде өтті, мұнда әр оқушы «сыбайлас жемқорлық» терминіне анықтама беріп, осынау әлеуметтік зұлымдыққа қалай қарсы тұру жөніндегі өз ойларымен бөлісті. Кездесу барысында «Адал Ұрпақ» мектеп клубының жұмысы талқыланды. Сонымен бірге, тақырыпқа сәйкес бейнероликтер ұсынылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bolasha-a-k-z-aras-764123](https://yvision.kz/kk/post/bolasha-a-k-z-aras-764123)