---
title: "Бокстан жаңа ел чемпиондары анықталды"
description: "Талдықорғандағы жазғы республикалық спартакиада аясында өткен бокс бойынша ел чемпионатының соңғы..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-05-26T22:52:12+00:00"
modified: "2015-05-26T22:52:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bokstan-zha-a-el-chempiondary-any-taldy-504942"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bokstan-zha-a-el-chempiondary-any-taldy-504942/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бокстан жаңа ел чемпиондары анықталды

> Талдықорғандағы жазғы республикалық спартакиада аясында өткен бокс бойынша ел чемпионатының соңғы...

[!\[Бокстан жаңа ел чемпиондары анықталды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/05/20150526155732-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/05/20150526155732.jpg)

Талдықорғандағы жазғы республикалық спартакиада аясында өткен бокс бойынша ел чемпионатының соңғы жекпе-жектері аяқталып, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлады Қазақстандық Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

Ең көп жүлдені Алматы облысы жеңіп алды — аймақтан 4 жаңа ел чемпионы шықты. Оңтүстік Қазақстан спортшылары екі алтын жүлдені алса, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары мен Астана қаласының қанжығасында бір-бір алтын медальдан бар. Жекпе-жектердің қорытындылары мен 2015 жылғы чемпиондардың тізімі: 49 келі Мардан Берікбаев пен Жомарт Ержанның ақтық жекпе-жегі 29:28, 29:28, 29:28 есебімен аяқталды. 1 орын — Мардан Берікбаев (Алматы облысы) 2 орын — Жомарт Ержан (ОҚО) 3 орын — Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы), Бағдат Толыбаев (Алматы) 52 келі Азат Махметов пен Азамат Исақұловтың кездесуі 29:28:0, 28:29, 29:28 есебімен аяқталды. 1 орын — Азат Махметов (Астана) 2 орын — Азамат Исақұлов (Маңғыстау облысы) 3 орын — Мирас Жақыпов (ШҚО), Әнуар Мұзапаров (Алматы) 56 келі Дидар Өтелбаев ұпай саны бойынша Нұрбол Қалжановты ұтты — 30:27, 29:28, 29:28. 1 орын — Дидар Өтелбаев (Алматы облысы) 2 орын — Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау облысы) 3 орын — Нұрсұлтан Қошеғұлов (Ақмола облысы), Мадияр Жанұзақ (Астана) 64 келі Алмасбек Әлібековтың Сабыржан Бақбергеновқа қарсы үш раундының қорытындылары — 30:27, 30:27, 29:28. 1 орын — Алмасбек Әлібеков (ОҚО) 2 орын — Сабыржан Бақбергенов (Ақмола облысы) 3 орын — Мақсат Жексенби (Қарағанды облысы), Айдар Әмірзақов (ШҚО) 69 келі Бекзод Халметов пен Азамат Досмағанбетовтың арасындағы жекпе-жек қорытындысы — 29:28, 30:27, 29:28. 1 орын — Бекзод Халметов (ОҚО) 2 орын — Азамат Досмағанбетов (Атырау облысы) 3 орын — Ернар Ешенов (Алматы облысы), Әділет Дәмешов (Ақтөбе облысы) 75 келі Жәнібек Әлімханұлы мен Ерік Әлжановтың кездесуінің қорытындылары: 30:27, 30:27, 30:27. 1 орын — Жәнібек Әлімханұлы (Алматы облысы) 2 орын — Ерік Әлжанов (Маңғыстау облысы) 3 орын — Алмасбек Орынғалиев (БҚО), Манат Өмірзақов (ШҚО) 91 келі Арбек Әбдіғаниев пен Рахман Әлжанов жекпе-жекті 28:29, 28:29, 28:29 есебімен аяқтады. 1 орын — Рахман Әлжанов (Атырау облысы) 2 орын — Арбек Әбдіғаниев (Алматы облысы) 3 орын — Олжан Бұқаев (Павлодар облысы), Алексей Севостьянов (Қарағанды облысы) +91 келі Қамшыбек Қонқабаевтың Нұржан Бекзатовқа қарсы шыққан жекпе-жегінің қорытындылары — 29:28, 29:28, 28:29. 1 орын — Қамшыбек Қонқабаев (Қызылорда облысы) 2 орын — Нұржан Бекзатов (ОҚО) 3 орын — Әли Балоев (Алматы облысы), Нұрсұлтан Аманжолов (Жамбыл облысы).

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bokstan-zha-a-el-chempiondary-any-taldy-504942](https://yvision.kz/kk/post/bokstan-zha-a-el-chempiondary-any-taldy-504942)