---
title: "Бокстан Әлем чемпионаты: Жәнібек Әлімханұлы мен Василий Левит келесі кезеңге өтті"
description: "Дохада (Катар) бокстан Әлем чемпионатының 3-ші жарыс күні аяқталды. 75 келіге дейінгі салмақта бақ ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-08T23:31:27+00:00"
modified: "2015-10-08T23:31:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bokstan-lem-chempionaty-zh-nibek-limhan-ly-men-vasiliy-levit-kelesi-keze-ge-tti-577128"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bokstan-lem-chempionaty-zh-nibek-limhan-ly-men-vasiliy-levit-kelesi-keze-ge-tti-577128/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бокстан Әлем чемпионаты: Жәнібек Әлімханұлы мен Василий Левит келесі кезеңге өтті

> Дохада (Катар) бокстан Әлем чемпионатының 3-ші жарыс күні аяқталды. 75 келіге дейінгі салмақта бақ ...

Дохада (Катар) бокстан Әлем чемпионатының 3-ші жарыс күні аяқталды.

![Бокстан Әлем чемпионаты: Жәнібек Әлімханұлы мен Василий Левит келесі кезеңге өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/T5fTc8g7uir2kBi02PcQ4s0B51x7tf.jpg)

75 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алғашқы жекпе-жегінде мексикалық Мисаэль Родригесті 3:0 есебімен ұтты. Енді бокстан 2013 жылғы Әлем чемпионы Ж.Әлімханұлы 1/4 финалда ирландиялық Майкл О'Рейлимен кездеседі.

Бұл күні шаршы алаңға тағы бір қазақстандық спортшы Василий Левит (91 келі) шығуы тиіс еді. Алайда, оның қарсыласы бразилиялық Жуан Гонсальвес Ногейра жекпе-жекке шықпады. Осылайша, Әлем чемпионатында әлі шаршы алаңға шықпаған В.Левит турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы бокстан Әлем чемпионатының барлық жекпе-жектерін тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Ал, әлемдік доданың жартылай финалдық бәсекелерін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жексенбі, 11 қазан күні тікелей эфирде көрсетеді. Жарыс Астана уақытымен сағат 22:35-те басталады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bokstan-lem-chempionaty-zh-nibek-limhan-ly-men-vasiliy-levit-kelesi-keze-ge-tti-577128](https://yvision.kz/kk/post/bokstan-lem-chempionaty-zh-nibek-limhan-ly-men-vasiliy-levit-kelesi-keze-ge-tti-577128)