---
title: "Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды"
description: "Тайландта 2015 жылғы Азия чемпионаты аяқталды, осы жолы ойын өте тартыстылығымен ерекшеленді. Шире..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-09-07T01:13:03+00:00"
modified: "2015-09-07T01:13:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bokstan-aziya-chempionaty-aza-stan-zhalpykomandaly-esepte-1-oryndy-zhe-ip-aldy-537095"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bokstan-aziya-chempionaty-aza-stan-zhalpykomandaly-esepte-1-oryndy-zhe-ip-aldy-537095/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды

> Тайландта 2015 жылғы Азия чемпионаты аяқталды, осы жолы ойын өте тартыстылығымен ерекшеленді. Шире...

[!\[Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20150901215606-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20150901215606.jpg)

Тайландта 2015 жылғы Азия чемпионаты аяқталды, осы жолы ойын өте тартыстылығымен ерекшеленді. Ширек финалдан бастап соңғы финалдық жарысқа дейін жүлде саны бойынша бір-бірімен бәсекелесіп, екі мықты команда — Қазақстан мен Өзбекстан командалары алға озды.

Қазақстан командасы 5 алтын, 1 күміс, 1 қола медальді қанжығаға байлап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді: Сәттібаев, Елеусінов, Ниязымбетов, Левит, Дычко — алтын, Сафиуллин — күміс, Ералиев — қола жүлде олжалады.

Енді құрама Дохада 5 қазанда ашылатын Әлем чемпионатына дайындыққа кіріседі, онда Олипиадалық лицензия ойнатылады, деп жазды Sports.kz.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bokstan-aziya-chempionaty-aza-stan-zhalpykomandaly-esepte-1-oryndy-zhe-ip-aldy-537095](https://yvision.kz/kk/post/bokstan-aziya-chempionaty-aza-stan-zhalpykomandaly-esepte-1-oryndy-zhe-ip-aldy-537095)