---
title: "Боксшы Ж. Жақиянов жаңа титул үшін бақ сынайды"
description: "10 қыркүйекте қазақстандық боксшы — жеңіл салмақтағы еуропа чемпионы — Жанат Жақиянов Минскіде гр..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-08-26T00:28:46+00:00"
modified: "2014-08-26T00:28:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/boksshy-zh-zha-iyanov-zha-a-titul-shin-ba-synaydy-426875"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/boksshy-zh-zha-iyanov-zha-a-titul-shin-ba-synaydy-426875/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Боксшы Ж. Жақиянов жаңа титул үшін бақ сынайды

> 10 қыркүйекте қазақстандық боксшы — жеңіл салмақтағы еуропа чемпионы — Жанат Жақиянов Минскіде гр...

[!\[Боксшы Ж. Жақиянов жаңа титул үшін бақ сынайды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/20140818012548-300x182.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/20140818012548.jpg)

10 қыркүйекте қазақстандық боксшы — жеңіл салмақтағы еуропа чемпионы — Жанат Жақиянов Минскіде грузин Гага Едишерашвилимен кездеседі. Бұл туралы Еуразиялық-Тынық мұхиттық бокс кеңесінің (EPBC) ресми сайтынан хабарланды.

Жекпе-жекте WBC нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы EPBC чемпионы титулы сарапқа салынады. Бірақ, Жақияновтың Еуропа чемпионы белбеуі ойнатылмайды. Атап өту керек, Грузия спортшысы кәсіби шаршы алаңда осыған дейін жеңіліп көрмеген. Едишерашвилиде 7 жеңіс жазылған, оның 6-ауы уақытынан бұрын аяқталған. Жерлесіміз болса 22 мәрте жеңімпаз атанған, 15 жекпе-жек нокаутпен аяқталған. Бір рет жеңілген. Осыған дейін хабарланғандай, сәуір айында Жанат француз боксшысы Гуерфиді 5-ші кезеңде нокаутқа жіберіп, Еуропа чемпионы титулын тартып алған болатын.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/boksshy-zh-zha-iyanov-zha-a-titul-shin-ba-synaydy-426875](https://yvision.kz/kk/post/boksshy-zh-zha-iyanov-zha-a-titul-shin-ba-synaydy-426875)