---
title: "БОКС: Жақияновтың Головкиннен кейін екінші болуына мүмкіндік бар — Рикки Хаттон"
description: "«Hatton Promotions» промоутерлік компаниясының жетекшісі Рикки Хаттон 7 қараша күні Австралияда ж..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-11-11T23:58:42+00:00"
modified: "2014-11-11T23:58:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/boks-zha-iyanovty-golovkinnen-keyin-ekinshi-boluyna-m-mkindik-bar-rikki-hatton-439018"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/boks-zha-iyanovty-golovkinnen-keyin-ekinshi-boluyna-m-mkindik-bar-rikki-hatton-439018/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БОКС: Жақияновтың Головкиннен кейін екінші болуына мүмкіндік бар — Рикки Хаттон

> «Hatton Promotions» промоутерлік компаниясының жетекшісі Рикки Хаттон 7 қараша күні Австралияда ж...

[!\[БОКС: Жақияновтың Головкиннен кейін екінші болуына мүмкіндік бар — Рикки Хаттон\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/20141112094455-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/20141112094455.jpg)

«Hatton Promotions» промоутерлік компаниясының жетекшісі Рикки Хаттон 7 қараша күні Австралияда жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың жетістігіне тәнті болып, өз пікірін жеткізді.

Хаттонның айтуынша, 53 кг салмаққа дейін WBC нұсқасы бойынша, үздік болуға ұмтылған Жақиянов алдағы уақытта жерлесі Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлады sports.kz. «Жақияновтың әлемдік боксшы екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Оның қолы ауыр. Бір өкініштісі, алдыңғы сайыста қарсыласының кеш ауысқанына байланысты, Жанат WBC Eurasia Pacific белбеуін қорғай алмады. Әйтпегенде, ол онда жеңіп, Головкиннен кейінгі екінші болуға мүмкіндік алатын еді», — деді Р.Хаттон.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/boks-zha-iyanovty-golovkinnen-keyin-ekinshi-boluyna-m-mkindik-bar-rikki-hatton-439018](https://yvision.kz/kk/post/boks-zha-iyanovty-golovkinnen-keyin-ekinshi-boluyna-m-mkindik-bar-rikki-hatton-439018)