---
title: "БОКС: Головкинге Чавестің салмағының ауыр болуы проблема тудырмайды — Санчес"
description: "WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-04-03T22:46:16+00:00"
modified: "2014-04-03T22:46:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/boks-golovkinge-chavesti-salma-yny-auyr-boluy-problema-tudyrmaydy-sanches-408075"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/boks-golovkinge-chavesti-salma-yny-auyr-boluy-problema-tudyrmaydy-sanches-408075/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БОКС: Головкинге Чавестің салмағының ауыр болуы проблема тудырмайды — Санчес

> WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы ...

[!\[БОКС: Головкинге Чавестің салмағының ауыр болуы проблема тудырмайды — Санчес\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/20140219094509.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/20140219094509.jpg)

WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчестің пікірінше, мексикалық Хулио Сезар кіші-Чавестің салмағының едәуір ауырлауы керісінше қазақстандықтың пайдасына шешіледі.

«Чавестің салмағы қаншама ауыр болсын, Геннадий оған бас ауыртпақ емес. Головкин рингке 172 фунт маңайында шығады. Қосымша салмақ оның жылдамдығына, өзіндік айла-тәсіліне кері әсерін тигізе алмайды. Егер Чавес шаршы алаңға 20-25 фунт ауыр болып шығар болса, онда қимылы баяулайды. Бұл, жекпе-жек кезінде Геннадийдің алдына қойған мақсатын орындауды жеңілдетеді», — деді Санчес. Еске сала кетсек, 31 жастағы Геннадий Головкин мен 28 жастағы Хулио Сезар кіші-Чавес арасындағы кездесуді АҚШ-та, 19 шілдеде өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/boks-golovkinge-chavesti-salma-yny-auyr-boluy-problema-tudyrmaydy-sanches-408075](https://yvision.kz/kk/post/boks-golovkinge-chavesti-salma-yny-auyr-boluy-problema-tudyrmaydy-sanches-408075)