---
title: "БОКС: Головкин мен Чавестің командасы жекпе-жектің қай күні, қайда өтетіндігі жөнінде келісті"
description: "Американдық спорттық функционер және Top Rank проумоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум орт..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-03-27T00:26:34+00:00"
modified: "2014-03-27T00:26:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/boks-golovkin-men-chavesti-komandasy-zhekpe-zhekti-ay-k-ni-ayda-tetindigi-zh-ninde-kelisti-407019"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/boks-golovkin-men-chavesti-komandasy-zhekpe-zhekti-ay-k-ni-ayda-tetindigi-zh-ninde-kelisti-407019/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БОКС: Головкин мен Чавестің командасы жекпе-жектің қай күні, қайда өтетіндігі жөнінде келісті

> Американдық спорттық функционер және Top Rank проумоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум орт...

[!\[БОКС: Головкин мен Чавестің командасы жекпе-жектің қай күні, қайда өтетіндігі жөнінде келісті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140326210937-150x150.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140326210937.jpg)

Американдық спорттық функционер және Top Rank проумоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум орта салмақтағы WBA и IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Хулио Сезар кіші -Чавес арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру туралы келісімнен хабардар етті.

«Біз қазіргі таңда Головкинмен келісім жүргізудеміз. Чавестің командасы бұл жекпе-жек өтеді деген көңіл-күйде. Шындықты айтсам, көптеген мәселелер орайын тапты. Менің ойымша, таяу уақытта кездесу жайлы түпкілікті шешіледі. Әзірше алдын ала келісім бойынша, жекпе-жек шілде айында Лос-Анджелесте өтетін болды»,-деп мәлім етті Арум журналист Анна Драгостке берген сұхбатында. Шамасы, Головкин — Чавес кездесуі 12 шілдеде Лос-Анджелес маңындағы Инглвудте орналасқан »Форум» (Forum) жабық аренасында өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат -

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/boks-golovkin-men-chavesti-komandasy-zhekpe-zhekti-ay-k-ni-ayda-tetindigi-zh-ninde-kelisti-407019](https://yvision.kz/kk/post/boks-golovkin-men-chavesti-komandasy-zhekpe-zhekti-ay-k-ni-ayda-tetindigi-zh-ninde-kelisti-407019)