---
title: "BN Team Orchestra үздік оркестр"
description: "BN Team Orchestra жобасының қалағандар - Берик Батырхан мен Ернар Нұртазин. Қысқаша айтқанда BN. ..."
author: "Burkhanova"
published: "2023-04-11T10:31:59+00:00"
modified: "2023-04-19T09:57:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/bn-team-orchestra-zdik-orkestr-986903"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/bn-team-orchestra-zdik-orkestr-986903/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# BN Team Orchestra үздік оркестр

> BN Team Orchestra жобасының қалағандар - Берик Батырхан мен Ернар Нұртазин. Қысқаша айтқанда BN. ...

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/791c6744ebca9a31aa69dbf3f8b55e.jpg)

BN Team Orchestra жобасының қалағандар - Берик Батырхан мен Ернар Нұртазин. Қысқаша айтқанда BN.

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/f29196cd58a2604d992e47bcb0f3c0.jpg)

«Өнер десе ішер асын жерге қоятын» қазақ халқының дәстүрлі әуені мен ән-жыры, күмбірлеген күйлері аңыз бойынша қазақтың қанына сіңген, ықылым заманнан жеткен асыл мұрасы. Көкте қалықтаған әуезді ән көшпенді қазақ даласына жетіп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болды. Кешегі қоңыр домбыра бүгінде ұлттық колориттілігін сақтап оркестрге арқау болуда.

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/527985cf73c129fc6f93e8263ed26b.jpg)

Ал, сіз тірі оркестрде домбыраның үнінің қандай болатындығын естіп көрдіңіз бе? Естімеген болсаңыз, осы ақпаратты соңына дейін оқуға кеңес беремін :)

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/28ed3b61fdb9d4dc559a8e11ce3b8e.jpg)

Осы ретте, көпшіліктің көзайымына айналған BN Team Orchestra ұжымы жақында корей фильмдерінің фанаттарын тірі оркестрге домбыраны қосу арқылы барша көрерменді тәнті еткен болатын.

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/2be6b9a752e74f8aaf7ee102a463a4.jpg)

Концертте қазақтың қара домбырасы оркестрге көрік берді десем артық айтқандық болмас. Домбыра үні оркестрде ерекше әсер қалдырды.

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/eda3225d001079daf2a384f464c22b.jpg)

Қазақстан тарихындағы өнердің көшбасында жүрген ұжым – BN Team Orchestra ұжымының өнерімен таныс болу үшін саунтрек концертке арнайы барған болатынмын. Концерт жоғары деңгейде өтті.

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/f25a1ae2f7307df9a752b96b6857da.jpg)

Ендеше, күні кеше Алматыдағы Республика сарайында өткен Қазақстанның бетке ұстар оркестріне айналған "Мир Корейских сериалов" атты саунрек әндер кешін аздаған фоторепортаж.

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/424d4556bf0e28a5773801cb23370c.jpg)

Көрсетілімнің бірінші бөлімі әйгілі «Игра в кальмара» телехикаясының саундтрек әуенімен сүйемелденіп, қасиетті сахнаға сымдай тартылған сымбатты да қуатты оркестр ұжымы шығып, туындыны мінсіз орындап шықты.

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/6bb58f828a43660c5da9c0a1229d72.jpg)

Жиналған қауымның зор ықыласына бөленген сәт «Мальчик краше цветов (F4)», «Ва-банк», «Алые сердца: Корё», «Полный дом», "Пентхаус", "Гоблин", "Наследники", "Небесный замок", Человек со звезды", "Потомки солнца" киноларының саунтректерін орындаған сәт болды.

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/a130058c22a2e54f6541b34300c489.jpg)

Сахнадағы сан түрлі дизайн мен керемет бояулар тыңдаған жанды сан түрлі эмоцияға бөлегені рас. Үздік корей киноларының музыкасы барша тыңдармандардың жүрегін заманауи стиль мен жанды дауыстағы оркестр үнінің үйлесімімен баурап алады.

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/455b011aa37845697e2abc4e894def.jpg)

Олай болса, еліміздің түкпір-түкпірін гастольдік сапармен аралап, өнерімен тәнті етер BN Team Orchestra – әркез еліміздегі музыкалық оркестрлердің эталоны, айнасы бола берсін демекпін.

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/b0175789ebbadf5ace9b3c0490a141.jpg)

P.S. Егер сіз корей фильмдерінің фанаты болсаңыз, BN Team Orchestra ұжымының концертіне мінетті түрде барп көріңіз, еш өкінбейсіз.

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/098f152c0bea92b86fa195947a0f92.jpg)

Айтпақшы, аталмыш топтың сонымен қатар, түрік фильмдерінің де үздік шығармаларын қоюмен ерекшеленеді. Жалпы, шығармашылық топтың өнерімен таныс болу үшін инстаграмм парақшаларына жазылып қойсаңыз артық болмасы анық.

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/ba56d949886e9a15e1bf7a64bc343e.jpg)

Концертке жиналған халық оркестрдің өнеріне риза болғаны соншалық, орындарының тұрып құрмет көрсетті. Екі сағатқа созылған концерттен соң көрермен сүйікті оркестрімен қимай қоштасты әрі ұзақ уақытқа жетерлік рухани азық алып қайтты.

Жасай бер, BN Team Orchestra, браво!

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/ca855e45caaf937bf98dd4bff05b79.jpg)

Концертте көрермендер арасында ине шаншар орын болмады. Полный аншлаг!

![BN Team Orchestra үздік оркестр](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/f5ed2d0379d1d644f691e0715a46c8.jpg)

#BNTeamOrchestra

#үздікОркестр

#руханиБайлық

#кереметКонцерт

#кудасходим

#давайсходи

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/bn-team-orchestra-zdik-orkestr-986903](https://yvision.kz/kk/post/bn-team-orchestra-zdik-orkestr-986903)