---
title: "Әблязовтің тағы бір сыбайласы ұсталды"
description: "01.11.12.Чехияда Мұхтар Әблязовтің сыбайласы болған тағы бір адам ұсталды. Ол қылмыстық топты қаржы..."
author: "AIKYN"
published: "2012-10-31T23:49:44+00:00"
modified: "2012-10-31T23:49:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/blyazovti-ta-y-bir-sybaylasy-staldy-299736"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/blyazovti-ta-y-bir-sybaylasy-staldy-299736/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әблязовтің тағы бір сыбайласы ұсталды

> 01.11.12.Чехияда Мұхтар Әблязовтің сыбайласы болған тағы бір адам ұсталды. Ол қылмыстық топты қаржы...

**01.11.12. Чехияда Мұхтар Әблязовтің сыбайласы болған тағы бір адам ұсталды. Ол қылмыстық топты қаржыландырумен айналысып, ақша айналымдарының сызбасын әзірлеуге жауапты болған деген ақпар бар.**

****

Күдіктінің аты-жөні - Татьяна Параскевич. РФ ІІМ баспасөз ор­талығының «Ин­терфакс» агенттігіне бер­ген хабарына қа­рағанда, бұл азаматшамен тер­геу әре­кеттерін жүргізу үшін РФ ІІМ тергеу департаментінің тер­геу­шілері Чехияға жол тарт­пақшы екені белгілі болып отыр. Аталмыш ведомство бас­пасөз орталығы атап өтке­ніндей, Мұх­тар Әблязовке қа­тысты қыл­мыстық іс қоз­ғал­ғаннан кейін Та­тьяна Парас­кевич ұзақ уақыт бойы құқық қорғаушылардан бой тасалап, Еуроодақтың бір­қатар елдері: Латвия, Кипр, Польша және Чехияда тұрып келген. Оның Мәскеудегі және бұры­нырақ­та мекен­деген Алтай өл­кесін­дегі тұ­рақтарын тінту ке­зінде салық органдары мен коммер­ция­лық ұйымдардың қолдан жасал­ған мөрлері, қыл­мыстық істерге айғақ бола­тындай көпте­ген құжаттар мен заттар тәркі­ленген. Сондай-ақ ІІМ атап көр­сеткендей, 730 млн АҚШ дол­­ларын жымқырудың бір әрекеті бойынша төрт адам - Александр Волков, Денис Воротынцев, Артем Бонда­ренко және Алексей Белов жазаны өтеудің әртүрлі мер­зімдеріне және айыппұл тө­леуге кесілді. РФ ішкі істер ведомствосы мәлім еткендей, Әблязов сот­қа құрметпен қарамағаны үшін Лондонның Жоғары соты тара­пынан 22 ай мер­зімге қа­мауға кесілген бо­латын. Алайда ол Ұлыбрита­ниядан қа­шып кетіп, бой тасалап жүр. ІІМ өзі­нің ақ­парының қоры­тын­дысында қыл­мыскердің қар­жыны жым­қыру әрекетте­рінің тек қана Ресей Федерация­сын­да емес, сонымен бірге бірқа­тар Еуроодақ елдерін­­-де де жү­зеге асырылғандығын атап өтіп, қазіргі таңда Мұхтар Әб­лязов және оның сыбай­лас­тарына халықаралық іздеу жа­рияланғанын айтты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/blyazovti-ta-y-bir-sybaylasy-staldy-299736](https://yvision.kz/kk/post/blyazovti-ta-y-bir-sybaylasy-staldy-299736)