---
title: "Блокиратор вирусы немесе СМС-блокерден құтылудың амалы..."
description: "Соңғы уақытта: Microsoft Security обнаружил нарушение использования сети интернет.Причина Просмотр ..."
author: "ya-85"
published: "2013-02-15T09:19:03+00:00"
modified: "2013-02-15T09:19:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/blokirator-virusy-nemese-sms-blokerden-tyludy-amaly-327941"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/blokirator-virusy-nemese-sms-blokerden-tyludy-amaly-327941/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Блокиратор вирусы немесе СМС-блокерден құтылудың амалы...

> Соңғы уақытта: Microsoft Security обнаружил нарушение использования сети интернет.Причина Просмотр ...

###

![Блокиратор вирусы немесе СМС-блокерден құтылудың амалы...](http://storage.yvision.kz/images/user/ya-85/P6JR4nHXDeLev98ip3n6Rfb6lj4pfO.jpg)

### **Соңғы уақытта: Microsoft Security обнаружил нарушение использования сети интернет.Причина Просмотр и расспространение Гей и Детского порноДля разблокировки виндоус необходимо оплатить ШТРАФ В размере 3000 тенге (сонғы кездері 5000,10000,15000,20000 ға дейін сұрайтын болған ), деген хабарлама жиі кездесетін жағдай. Мен осыдан операциялық жүйені (ОЖ) қайта орнатпай-ақ құтылу амалын айтып кетейін.**

**Біріншіден комьютерді қосамыз, F8 пернесін басамыз. Безопасный режим с поддержкой командной строки- дегенді таңдаймыз. Ашылған терезеде, regedit.exe- деп тереміз. Реестр редакторы ашылады. Енді қызық басталады… HKEY_LOCAL_MACHINE\ SOFTWARE\ Microsoft\ Windows NT\ Current version\ Winlogon — үстінен шертіп ашамыз. Терезенің оң жақ бөлігінен SHel — деген жазбаны тауып ашамыз. Ішінде explorer.exe- деп тұру керек. Олай болмаған жағдайда(іздегеніміз осы) бәрін өшіріп explorer.exe — деп жазамыз да, ОК -деп басып, сақтаймыз. Енді userinit — жазбасын ашамыз, оның ішінде C:\windows\ System32\userinit.exe, -деп тұру керек. Олай болмаған жағдайда, бәрін өшіріп: C:\windows\ System32\userinit.exe,-деп жазамыз. ОК деп басып, сақтаймыз. Болды, компьютерді қайта жүктейміз. сәттілік тілеймін!!!**

**P.S: Бұл тек бір ғана ең қарапайым жолы. Басқада көп жолдары бар. Егер мен ұсынған әрекет көмектеспей жатса кешірім өтінем! Бірақ бірнеше рет осы жолмен ОЖ сақтап қалдым.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/blokirator-virusy-nemese-sms-blokerden-tyludy-amaly-327941](https://yvision.kz/kk/post/blokirator-virusy-nemese-sms-blokerden-tyludy-amaly-327941)